Күрт басшы Маликиді Ирактан бөлінумен қорқытты

Солтүстік Ирак Күрт әкімшілігі басшысы Месут Барзани Маликидің қайтадан премьер-министр болуын қаламайды

75528
Күрт басшы Маликиді Ирактан бөлінумен қорқытты

Ирак Күрт аймақтық әкімшілігі басшысы Месут Барзани Ирак премьер-министрі Малики үшінші рет бірдей міндетті атқарған жағдайда, Ирактан бөліну үшін референдумға барумен қорқытты.
Барзанидің басшылығын жасағаны Күрдістан Демократ партиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ирак Күрдістан отан сүйгіштер партиясы басшысы «Малики үшінші мәрте премьер-министр болған жағдайда, Күрдістанда халық референдумға барады және Бағдатпен қарым-қатынастарымызда жаңа әдістер дамытатын боламыз» деді.
Күрттердің Малики басшылық жасаған бір үкіметтің ортағы болуды қабылдамайтынын атап көрсеткен Барзани әртүрлі тараптармен Ирак үкіметіне басшылық жасайтын нағыз бір ортақ табу үшін бар күшін жұмсайтынын білдірді.
Ирак парламенті сайлауында «Муттехидун Блогы» 23, «Шиіт коалициясы» 29, «Ватаниййе Блогы» 21 орындық алып жатқанда, Малики басшылық жасаған «Заң мемлекеті коалициясы» 93 орындық алған болатын.
Ирак жоғары сайлау комиссиясы жариялаған нақты мағлұматтарға қарағанда, ешбір партия үкіметті бір өзі құра алатын дауыс көпшілігіне ие емес.
Үкіметті құру үшін парламентте 165 орындыққа ие болу қажет. Маликидің коалиция үкіметі құратыны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар