Ирак бомбалы шабуылдармен шайқалды

Соңғы шабуылдарда 23 адам қаза тапты

75522
Ирак бомбалы шабуылдармен шайқалды

Кеше үш бөлек қалада жасалған шабуылдарда 23 адам қаза тапты, 40 адам жараланды.
Ирактың астанасы Бағдатта жанкешті намаз оқыған жамағаттың ішіне кіріп, үстіне орналастырған бомбаларды жарды.
Шабуыл нәтижесінде 19 адам қаза тапты, 29 адам жарақат алды.
Астананың шеттегі аймақтардың бірі Садрда да жеміс-жидек дорбасына жасырынған бомбаның жарылуы себепті 2 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.
Дора аймағында бақылау жұмыстарын жүргізген бір полиция көлігіне жасалған бомбалы шабуылда болса 2 адам қаза тапты, 6 адам жараланды.
Иракта өткен жылы болған қақтығыстарда 8 мың 900 адамның қаза тапқаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар