Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1692496
Әлем баспасөзіне шолу

el-Düstur (Иордания газеті): Біріккен Ұлттар Ұйымы: «Палестиналық балалар тек білім алу емес, қауіпсіздікке де лайық».

el-Quds el-Arabi (Араб-ағылшын газеті): Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден елден кету шешімін қорғап, Ауғанстан әскерін (Талибанмен) соғысқысы келмегені себепті айыптады.

Әл-Жазира интернет парақшасы (Катар телеарнасы): Axios интернет парақшасы американдық бір шенеунікке сілтеме жасап, Талибанның АҚШ-тағы Ауғанстан Орталық банкі резервтеріне кіруге рұқсат берілмейтінін хабарлады.

Bild.de: Неміс әскери ұшағы Ауғанстанның бас қаласы Кабулға қонды, тек 7 адамды аман алып қалды.

Deutsche Welle: Германия канцлері Ангела Меркельдің Ауғанстан туралы мәлімдемесі: «Ауыр, трагедиялық және қорқынышты».

Handelsblatt.de: АҚШ президенті Джо Байден: «Мен өз шешімімді қолдаймын». Байден АҚШ әскерінің Ауғанстаннан кетуін жақтады. АҚШ әскерлеріне шабуыл жасалған жағдайда Талибанға ауыр және жылдам әскери жауап қайтарылатынын мәлімдеді.

Le Monde: Франциядағы жүздеген өрт сөндіруші «Вар аймағындағы» жалынмен күресуде.

Le Figaro: (Ауғанстан) Франция президенті Эммануэль Макрон заңсыз көш толқынымен күресетіндерін атап көрсетті.

Le Parisien: Ауғанстанда француз сарбаздарына көмектесетін (аудармашылар т.б. ауғандықтар): «Біз француздарға көмектестік, енді олар бізге көмектесу керек» деді.

El mundo (Испания): Испанияның Ауғанстан шығындары: 102 адам қаза тауып, 3 миллионнан астам еуро жоғалды.

El Pais (Испания): Испанияда жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына қарсы вакцинация жылдамдығы жазғы маусымда екі есе азайды.

El Nacional (Венесуэла): Венесуэлада ковид-19 эпидемиясына қарсы халықтың 7% ғана вакцинацияланған.

Lenta.ru: Ресей президенті Владимир Путин 2021-2024 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа жоспарын бекітті.

ТАСС ақпарат агенттігі: IDEF'21 жәрмеңкесі Ресейдің жетекші қорғаныс компанияларының қатысуымен бүгін Стамбулда ашылады.

Комсомольская правда: Еуропарламент: «Ресей мен Қытай Ауғанстандағы саяси кеңістікті толтыруға тырысады».

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөздер жүргізді.

Егемен Қазақстан газеті: Қ.Тоқаев Сеулдегі «Отан үшін шейіт болғандар» монументіне барды.



Ұқсас жаңалықтар