Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1682061
Әлем баспасөзіне шолу

Frankfurter Allgemeine Zeitung: АҚШ-тың Pfizer компаниясы Германияның BioNTech биотехнология компаниясымен бірлесіп, коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарды. Осы вакцинадан  33,5 миллиард долларлық кіріс түсірді.  

Süddeutsche Zeitung: Әйгілі әнші Дусти Хилл Техастағы үйінде 72 жасында дүниеден озды.

Deutsche Welle: Мөлшермен 13 мың зерттермен климат дағдарысына орай төтенше жағдай жайлы үндеу тастады.

Elqud Elarabi: Тунис президенті Каис Саид «talk show» шектемелері салдарынан мемлекеттік теледидар басшысын міндетінен алды.

Elraya: Катар Университетінде әр жылы 30 түрік студентіне стипендия беріледі.

El Pais (Испания): Испания үшінші рет Ливандағы 10.200 Бейбітшілік күші әскерін басқаруды жоспарлауда.

El Mundo (Испания): Еуропа Одағы қорларының аймақтар бойынша бөліс тақырыбында автономиялық қауымдастықтар мен Үкімет арасында қазірдің өзінде дау-дамай шыға бастады. Үкімет бөлісуді сынға тартқан автономиялық қауымдастыққа қорларды кері қайтарумен құқай көрсетті.

TeleSur (Венесуэла): Эквадор ұлттық одағы мүшесі мұғалімдер алдыңғы Парламент тарапынан бекітілген Мәдениеттер арасы білім беру заңында жасалған реформаларға үйлесуді талап өту үшін ереуіл ұйымдастыруда.

Lenta.ru: АҚШ Сенатының 12 Республикашыл мүшесі үкіметке «Солтүстік ағын 2»-мен байланысты ескерту жасады. Қазына министрі Джанет Йелленге жіберілген хатта егер үкіметтің жобаға деген ұстанымы өзгермесе, онда Қаржы министрлігінің тағайындалуын қабылдамайтынын білдіруде.

RİA Novosti: АҚШ президенті Джо Байден кеше Ақ Үйде  Беларусь оппозиция лидері Светлана Тихановскаямен кездескенін білдірді.

Le Parisien: Франция президенті Эммануэль Макрон өзін Гитлерге теңеген азаматтар жөнінде сотқа шағым берді.

Le Figaro: Франция түрмелерінде 1 шілде күнгі санақ бойынша  68.000 тұтқын бар. Тұтқындар саны биыл 15,7 пайыз көбейді.

Le Monde: «Pegasus» тыңшы компьютер бағдарламасы: Израиль оқиғаға мұқиятты қарағанын Францияға жеткізуде. Париж болса мәлімдеме жасауды күтуде.  

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Матрица: Түркістан облысынан басқа өңірлер әлі «қызыл» аймақта тұр.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының инвестициялық жобаларымен танысты.

 



Ұқсас жаңалықтар