Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1681417
Әлем баспасөзіне шолу

el-Düstur (Иордания газеті):  Құрбан айт мерекесін 225 палестиналық бала Израиль түрмелерінде өткізді.

el-Quds el-Arabi (Араб-ағылшын газеті): Израиль газеті: Марокко Израильдің Африка құрлығына ашылатын сауда қақпасы бола ма?

el-Raye el-Qatariyye (Катар газеті): Катар Әмірі Шейх Тамим ибн Хамед Әл-Тани мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған стратегиялық қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германиядағы су тасқыны сақтандыру компанияларына шамамен 5,5 миллиард еуро көлемінде  шығын түсірді.

dpa: Германия тұрғындарының жартысына жуығы коронавирусқа қарсы екпе екті.

Südwest Presse: Қарусыздану тақырыбында АҚШ пен Ресей Женевада жаңа келіссөздерді бастады.

El Mundo (Испания): Жаңа типтегі коронавирустың Delta нұсқасы Испанияда ковид-19 жұқтырғандардың 68 пайызын құрайды. Неліктен осыншама тез тарауда?

La Jornada (Мексика): Эквадор WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанжты азаматтықтан шығарды.

El Tiempo (Коломбия): Перуде Педро Кастильоның (жаңа президент) дәуірі басталды.

РИА Новости: АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің 2022 жылы өтетін конгреске сайлауына қазірден-ақ араласа бастағанын айтты.

Коммерсант:  Орыс мұзжарғыш және құтқару кемесі Icebreaker 7-нің құрылыс жұмыстарын Түрік теңіз кеме өңдеу зауыты туризм индустриясы мен сауда акционерлік қоғамы қабылдады.

РИА Новости: Ресейлік саясаттанушы Дмитрий Корнейчук NewsOne телеарнасына жасаған мәлімдемеде «Солтүстік ағын-2» құбыр желісінің ашылуы себепті Украинаның табиғи газ тапшылығына душар болатынын алға тартты.

Le Parisien: Ковид-19: Полинезияда жүрген Эммануэль Макрон «өздерің және Франция үшін вакцина қабылдаңыз» деді.

Le Figaro: Ядролық сынақтар (Франция 1966-1996 жылдар аралығында Тынық мұхитында жүргізген): Эммануэль Макрон Францияның Полинезияға «қарызы бар» екенін мойындайды.

Le Monde: Париждегі Chaumet зергерлік дүкені тоналды, құны 2 миллион еуродан асатын зергерлік бұйымдар ұрланды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: 5096 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының инвестициялық жобаларымен танысты.



Ұқсас жаңалықтар