Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1680837
Әлем баспасөзіне шолу

Le Figaro: Париж бен Лондон террормен күрес ынтымақтастығын күшейтуде.

Le Monde: Францияда Ковид-19: Полинезияға барған Франция президенті Эммануэль Макрон вакцина салғызуға қарсы шыққандарды «жауапкерсіз және өзімшіл» деп айыптады.

Le Soir: Бельгияда уақытша жұмыссыздық айлығы және өтемақы тақырыбында дау-дамай болуда.

Deutsche Welle: Түркияда жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарамастан шетелдіктердің тұрғын үйге деген сұраныстары артуда.

az.net: Күзде төртінші коронавирус толқынын күткен Германияда вакциналаудың еркіндіктерді шектегені жайлы көзқарас дау-дамай жаратты.

Tagesschau.de: Еуропада корона ереуілдері қайтадан басталды.

Elquds Elarabi: Тунис президенті Каис Саид басқару билігін өз қолына алғанын жариялады. Саид үкіметті міндетінен алды және парламенттің билігін тоқтатты. Каис Саидтің осы шешімінен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы тунистік лауазым иелерімен байланыста екенін хабарлады. Еуропа Одағы да атазаңға құрмет көрсету жөнінде үндеу тастады.

Aljazeera: АҚШ президенті Джо Байден мен Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми Ирактағы америкалық әскери миссияны тоқтату туралы келісімге қол қойды.

Eldustour: Иордания Тунистегі оқиғаларды қадағалап отыр.

Elraya: Катар бауырлас Тунистің тұрақтылығын қорғауын тілегенін білдірді.

REN.TV: Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ-ты Ирак, Ливия және Сириядағы іздерін тазалауға шақырды.

RİA Novosti: Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Курил аралдарында еркін кеден аймағы режимін жоспарлағанын мәлімдеді.

İzvestiya : Ресей ұлттық құрамасының мүшесі Евгений Рылов Токио 2020 жазғы Олимпиада ойындарында 100 метрге шалқалап жүзуде алтын медаль жеңіп алды. Еуропа рекордын жаңалады.

El País (Испания): Испанияда бесінші толқын салдарынан  коронавирустан қайтыс болғандар саны екі аптада үш есе көбейді.

Ajans EFE (Испания): Испаниядағы коронавирус оқиғаларының 68 пайызы "Дельта"-варианты.

El Comercio (Перу): Колумбия президенті Иван Дуке  АҚШ-тан Венесуэланы терроризмді ынталандырған ел ретінде жариялауын талап етті.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстандықтар карантин талаптарын бұзғаны үшін жыл басынан бері 1,5 млрд теңге төледі.



Ұқсас жаңалықтар