Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1680223
Әлем баспасөзіне шолу

Al Jazeera: Тунис президенті Каис Саид басқару билігін өз қолына алғанын жариялады. Саид үкіметті міндетінен алды және парламенттің билігін тоқтатты.

Al-Quds Al-Arabi: Дерада келісім болады. Санкциялардың күшінен қалдырылуымен қақтығыстар доғарылады. Әскери және қауіпсіздік басқармалары құрылады.

Al-Dustour (Иордания): Франция президенті Эммануэль Макрон «Pegasus» тыңшы бағдарламасы жайлы Израильден мәлімдеме жасауды талап етті.

Deutsche Welle: Германия премьер-министрлік басқармасы төрағасы Хельге Браун жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) оқиға санының артуы мүмкіндігі жөнінде ескерту жасады.

Spiegel.de: Германияда сел, құйын және орман өрттерінің барлығы тоқталды. Бүгіннен бастап тұрмыс-тіршілік қалыпқа түсті.

El País (Испания): Испания үкіметі алдымыздағы күндерде жиыны 30.455 адамды жұмыспен қамтамасыз ету үшін корольдық заңнамасын бекітуді жоспарлауда.

El Comercio (Перу): Испания королы Филипп президент болып сайланған Педро Кастильоның ант ішу рәсіміне қатысу үшін Перуға барады.

Infobae (Аргентина): Аргентина Колумбия және Боливиядан келетін жолаушыларға мәжбүр түрде карантин режимін атқарады.

Le Figaro: Ковид-19: француздардың мөлшермен 60 пайызы кем дегенде бір доза вакцина ектірді.

Le Monde: Ковид-19: вакцина сертификаты  жүйесі артуда.

France 24: Тунис президенті Каис Саид елдегі ереуілдерден кейін премьер-министр Хишам Машишиді міндетінен алды.

TASS: Жапония Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің Жапонияның солтүстігіндегі Итуруп аралына баруына орай Ресейге наразылық көрсетеді.

RİA Novosti: Ресей ерлер ұлттық волейбол командасы Токио 2020 жызғы Олимпиада ойындарында АҚШ командасын 3-1 есебімен жеңді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 19-25 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу жарияланды.

Егемен Қазақстан газеті: Covid-19: Өткен тәулікте 2381 адам жазылып шықты.

 



Ұқсас жаңалықтар