Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1676353
Әлем баспасөзіне шолу

Le Soir: Бельгиядағы сел апатында екі мәйіт тағы табылды. Қаза тапқан адам саны 11-ге жетті.

Le Figaro: "Ханыша дайын": Жаңа типті коронавирус індеті себепті Эйфель мұнарасы жұма күні 50 пайыздық сапарлаушымен қайта ашылды.

France 24: 18 жаста тарихтағы ең жас астронавт болған Оливер Дэмен америкалық миллиардер Джефф Безоспен бірге ғарыш сапарына шығады.

el-Düstur (Иордания газеті): Израильдік мекендеушілер Израиль қауіпсіздік күштері тарапынан қорғалғандықтан әл-Ақса Мешітінің ауласына еркін кіруде.

el-Raye el-Qatariyye (Катар газеті): Ливанда жаңа үкіметті құру міндетін алған Саад әл-Харири міндетті қайтарып берді.

el-Quds el-Arabi (Араб-Ағылшын газеті): Ливанның астанасы Бейрутта протестшілер жаңа үкіметті құру міндетін алған Саад әл-Хариридің міндетті қайтарып бегенін жариялағаннан кейін кейбір жолдарды тосты.

El Pais: (Испания) Испанияда Халық партиясы мен Азаматтар партиясы үкіметтің жоспарлаған реформаларын кейбір заңды өзгертіп, кеңесуді ұсыныс етті.

El Mundo: (Испания) Испания Ұлттық статистика институты санағына қарағанда 10 испан азаматтың біреуі 2020 жылы тұрмыста қиналды және кедейлік мөлшері 2008 жылдан бергі ең жоғарғы өреге жетті.

TeleSur: (Венесуэла) Гуантемала Атазаң соты Президент Алехандро Джамматтеидің отставкасын сұраған протесттерді тоқтату үшін жасалған шешімді жоғарғы сотқа жолдауға бекіді.

Bild.de: Германиядағы сел апатының шығыны ауыр. Германия Қарулы күштері іздеу-құтқару жұмыстары үшін апат айматарына тағы 850 әскер жолдады.

Frankfurter Rundschau: Климат өзгерістері батыс Германия мен көрші елдерде байқалғанындай, нөсерлі жаңбыр себеп болған сел апаты сияқты кезектен тыс ауарайы оқиғалары артуда.

Deutsche Welle:  Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің АҚШ сапары жақсы мәлімдемелермен басталды. Джонс Хопкинс университетінде құрметті докторлық атағы берілген Меркель АҚШ-Еуропа қарым-қатынастарының терең екенін айтты, АҚШ президенті Джо Байден де «Германия-АҚШ қарым-қатынастары темірдей мықты» деді.

TASS: Германия премьер-министрі Ангела Меркель «Солтүстік Ағым-2» құбыр желісінің Украина арқылы орыс газын тасымалдаудың орнын алуын ойлағандарын айтты.

İzvestiya: Ауғанстан, Өзбекстан, АҚШ және Пәкістан Ауғанстандағы бейбітшілік процесін қолдау мақсатымен жаңа бір төрттік платформа құруға шешім қабылдады.

RİA Novosti: Украинаның (Украина, Ресей және Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымынан құралған) Үштік байланыс тобындағы өкілі Алексей Аререстович Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің Украина қарасысында Ресейді қолдағанын, Украинаға опасыздық жасағанын айтты.

Егеменді Қазақстан газеті:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты,
ҚазИнформ ақпарат агенттігі:

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде 40 градусқа дейін ыстық болады.



Ұқсас жаңалықтар