Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1675245
Әлем баспасөзіне шолу

El-Raya El-Katariye  (Катар): Ливанда дәрі-дәрмек жетіспей жатыр. Елге қайтқандардың сумкасы дәрі-дәрмекке толы.

El-Zeman (Ирак): Ирактағы аурухана өртінде 80-нен астам адам қаза тапты. Тергеу аясында 13 басшы ұсталды.

El-Vatan (Оман): Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бір кісіге бірнеше түрлі жаңа типті коронавирус вакцинасын егу жөнінде ескерту жасады. Бір кісіге бір түрлі вакцина ғана егіледі.

Die Presse (Австрия): Ауғанстанда ішкі соғыстан қашқан мыңдаған ауған Түркияға келуде.

Zeit.de: Германия премьер-министрі Ангела Меркель: «Федералдық үкімет зорлықпен вакцина егуді қабылдамайды деді.

Handelsblatt.de: Германияда тұтынушы бағасында маусымда инфляция 2.3 пайыз артты. Арту біраз төмендеді.

Le Monde: Еуропаға баруға талпыну жолында теңізде өлген босқындардың саны бір жылда екі есе артты.

Le Figaro: (Ковид-19) Францияда кеше егілген 792 мың 339 вакцинамен рекорд жаратылды.

France 24: Ковид-19 дағдарысында қиналған Тунис жәрдемге шақырды.

El País (Испания): Еуропа Одағы Испанияның 140 миллиард евро табуды нысанаға алған құтқару жобасына жасыл шырақ жақты.

El Correo (Испания): Испания Ковид-19 індетінің "Lambda" штаммы ең көп байқалған 7-ші ел болды.

Telesur (Венесуэла): Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилла АҚШ үкіметін ұлыстың абыройын шайқау және тұрақтылықты бұзу үшін коммуникация компаниясын жүргізумен айыптады.

İzvestiya: Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің Талибанмен кездесу мақсатын жариялады: «Мақсат Талибанға аймақтың қауіпсіздігіне байланысты Ресейдің тұғырын жеткізу».

Lenta.ru: Ресей Ковид-19 індетімен жұғымдалуда әлемде 4-ші орынға шықты. Алғашқы үш орынды АҚШ, Үндістан және Бразилия иеледі.

TASS: АҚШ Сыртқы істер министрі Антони Блинкен: «Егер Мәскеу орыс хакерлерге қарсы шара қолданбаса, АҚШ шара қолданады» деді.

Егеменді Қазақстан газеті:

Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «Қызыл» аймақта тұр.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі:

Қазақстанда 2021 жылы ұлттық халық санағын өткізуге дайындық және ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша арнайы комиссияның отырысы өтті.



Ұқсас жаңалықтар