Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1674453
Әлем баспасөзіне шолу

Elquds Elarabi: Ирактың оңтүстігінде ковид-19 пациенттері жатқан карантин ауруханасында шыққан өртте кем дегенде 41 адам қайтыс болды.

Aljazeera: Ердоған: «Түркия әлемнің жоғарғы лигасына қадам басайын деп отыр!».

Elquds Elarabi: АҚШ: «Ядролық келіссөздерді қайтадан басталатын мерзімді Иран ғана белгілей алады».

Deutsche Welle: Британ полициясы футболдан Еуропа чемпионаты ақтық матчында пенальтиді қақпаға сала алмаған үш африкалық футболшыға бағытталған нәсілшіл сөздер үшін тергеу бастады.

El País (Испания): Испаниядағы жаңа кабинет Каталонияның жағдайын жақсартуға бел буды, шешілуге тиісті мәселелерге қайта көз жүгірту үшін келіссөз ұсынылды.

La Tercera (Чили): Кубадағы наразылықтар: Венесуэла президенті Николас Мадуро «төңкерісшіл үкіметке толық қолдауын» жариялады.

Clarín (Аргентина): Аргентина президенті Альберто Фернандес: «Кубадағы мәселенің ауқымын білмеймін, бірақ эмбарголар адамгершілікке жатпайды».

Lenta.ru: Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Вашингтоннан Мәскеуді құрметтеуін сұрады.

Известия газеті: Путин Донбасстың Украинаға мұқтаж емес екенін атап көрсетті.

РИА Новости: Мәскеуде ұйымдастырылған Халықаралық авиация және ғарыш көрмесінде (MAKS-2021) Ресей жаңа әскери ұшағын танытады.

Le Figaro: 2020 жылғы Олимпиада ойындары: Француздардың 58 пайызы Токио ойындарын өткізбеу керек екенін ойлауда.

Le Monde: Ковид-19: Оливер Веранға қарағанда 15 қыркүйектен бастап вакцина салынбаған денсаулық сақтау қызметкерлері енді жұмыс істей алмайды және еңбек ақылары төленбейді.

Le Temps (Швейцария): Цюрих қаласында қоғамдық көліктер түнде жауған нөсер жауынның салдарынан тоқтап қалды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Кәрім Мәсімов: Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар