Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.
La Jornada (Mексика): Әлем Америка Құрама Штаттарына қарсы дауыс қолданды. БҰҰ-ның 183 мүшесі Америка Құрама Штаттарының Кубаға жүргізіп отырған эмбаргосын алып тастауы үшін «қабыл» даусын берді.
El País (Испания): McAfee Antivirüs программисті Барселонадағы камерада өзіне қол жұмсады.
La Tercera (Чили): (Koронавирус дельта плюс) Ғалымдар Үндістанда басталған штамның өте қауіпті және жұқпалы түрін тапты.
Handelsblatt.com: Еуропа Одағы Басшылар саммиті: Түркияға жақындау неміс экономикасына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
t-online.de: Германияның халық саны тоғыз жылдан кейін бірінші рет азайды. Бұған өлім-жітімнің артуы және нақты көштің азаюы әсер етті.
tagesschau.de: Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулдығында өлтірілген оппозиционер журналист Джемал Кашыкчының жендеттерінің төртеуінің бұрын Америка Құрама Штаттарында әскери дайындықтан өткені алға тартылды.
Aljazeera: Ливия тақырыбындағы Екінші Берлин конференциясы аяқталды. Елдегі ақылы әскерлердің шетелге шығарылуы үшін келісімге келінді және Ливияда сайлаудың уақытында өткізілуінің маңызы атап көрсетілді.
Elraya: Катар Азияда Сенім арттыратын комитет жиналысына қатысады.
Elquds Elarabi: БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттереш: «Шекарадан Сирияға көмек жеткізе алмау «қиратушы» болады».
Le Parisien: Францияда коронавирус себебімен берілген мемлекеттік көмек бағдарламалары тоқтатылды, жеке меншік салада жұмыс істейтіндер алаңдап отыр.
Le Monde: Франция сенаты әскери бюджеттің талқылануы тақырыбында үкіметке деген сенімді жаңалауға қарсы шықты.
Le Figaro: Франция премьер-министрі мен Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа байланысты жағдай асқынған Ландес аймағына барды.
İzvestiya: Ресей Сыртқы істер министрлігі Қаратеңізде шекарадан асқаны үшін ескерту жасалған кеме үшін Ұлыбританияны айыптады.
Lenta.ru: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бірінші рет балалардың коронавирусқа қарсы екпе алуына болатынын қабылдады.
TASS: Ресейде коронавирус жұғу оқиғасы ең көп тіркелген Мәскеуде екпе алуға міндеттілер қатарына курьерлер де енгізілді.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта тұр.
Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады.