Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1659683
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Ковид-19: Францияда бүгіннен бастап көшеде бетперде тағу міндеті алынып тасталды, жексенбі күнінен бастап коменданттық сағаттың күші жойылады.

France 24: Владимир Путин - Джо Байден саммиті: «Ынтымақтастық үшін өзара мүдделілік бар».

Le Figaro: Euro 2020: Рим Олимпиада стадионы маңында бомба хабарламасы. Итальяндық БАҚ-тың хабарлауынша, стадион маңында тұрған көліктен табылған жарылғыш зат жойылды.

Al-Quds Al-Arabi: Нью-Йорк Таймс: Ядролық келісімге оралу Иран мәселесін шешпейді және Байден Сириядан бастау керек.

Al-Quds Al-Arabi: Ұшқары еврейлер Батыс Шерияның солтүстігіндегі палестиналықтардың үйлеріне шабуылдады.

Al-Dustour (Иордания): Жиырма жылда алғаш рет: Әлемде жұмыс істейтін балалар саны өсті.

Al Jazeera: Бірқатар кандидат бас тартқан соң (Иранның рухани көшбасшысы Али) Хаменей халықты Ирандағы президенттік сайлауға жаппай қатысуға шақырды.

Bild.de: АҚШ президенті Джо Байден: «Путин жаңа бір қырғиқабақ соғыс қаламайды».

Spiegel.de: Германияда коронавирустың үнді мутациясында жоғарылау байқалды. Германияда өткізілген ковид сынақтарының 11 пайызында үнді мутациясы анықталды.

Tagesschau.de: Германия Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан масканы көп сатып алғаны үшін сынға алынуда.

El País (Испания): Испания (ковид-19) вакцинация: 40 жасар азаматтардың көпшілігі алғашқы дозасын бұл айда, 30 жасар адамдар болса шілде айында қабылдайды.

La Vanguardia (Испания): Брюссель Испанияның 69 миллион 500 мың евролық құтқару пакетіне қолдау берді.

Infobae (Аргентина): Чили Медицина академиясы бұдан әрі ковид-19 оқиғаларының алдын алу үшін үш апталық карантинге оралуды ұсынды.

lenta.ru: АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуін «жақсы және жасампаз» деп бағалады.

ТАСС ақпарат агенттігі: Ресей президенті Путин мен АҚШ президенті Байденнің кездесуінде Украина мәселесі де күн тәртібіне келді.

Известия газеті: АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Путин мен Байден кездесуін өз елі тұрғысынан «сәтсіз» деп санайды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Нұр-Сұлтанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстан QazVac вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын – Тоқаев.



Ұқсас жаңалықтар