Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1657308
Әлем баспасөзіне шолу

El-Raya El-Katariye (Катар): Сауд Арабиясы: Биыл тек қана азаматтар мен елдегі тұрғындарға ғана қажылық жасауға рұқсат беріледі.

Әл-Хайат (Палестина-Шерияның батысы): Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе Газа секторын қалпына келтіру үшін Әлемдік банк делегациясын қабылдады.

Әл-Ватан (Оман): Оман Сұлтандығы Франциямен әскери ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Рим Папасы Франциск Жерорта теңізін «Еуропаның ең үлкен зираты» деп бағалады.

dpa: Ұлыбритания патшайымы Елизабета II АҚШ президенті Джо Байден мен жұбайы Джилл Байденді қабылдады.

Tagesspiegel.de: Нетаньяху кезеңі қазірше аяқталды. Израиль тарихында маңызды бір үкіметтік өзгеріс.

Le Parisien: Билікте 12 жыл қалған Нетаньяху Израильдің енді премьер-министрі емес.

Le Monde: Францияның бас штаб басқармасы төрағасы генерал Лекунтр отставкаға кетті.

France 24: НАТО саммиті: Одақ трансатлантикалық қарым-қатынастарда жаңа бір парақ ашқысы келеді.

El País (Испания): Үлкен жетілік елдерінің көшбасшылары 2022 жылы 1 миллиард Covid-19 вакцинасын тегін тартуға уәде берді.

La Vanguardia (Испания): Климаттық жағдайларға байланысты көші-қон рекордтық деңгейге жетті. 2020 жылы 40 миллион адам тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болды және бұл көші-қонның 75 пайызы табиғи апаттармен байланысты.

Telesur (Венесуэла): Бразилия мен Венесуэла «Америка Кубогы 2021»-ді (Оңтүстік Америкадағы футбол турнирі) салтанатты түрде ашты.

Известия газеті: Американдық қаржы мекемелеріне АҚШ енгізген Ресей мемлекеттік облигацияларын сатып алу тыйымы күшіне енді.

RBK: АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің Вашингтонның санкциясына қарамастан ұстанымын өзгертпеуін мінез-құлқымен байланыстырды.

Lenta.ru: 17 маусым күнінен бастап Петербургте қатаң карантиндік шаралар қабылданады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкім шықты.

Егемен Қазақстан газеті: Президенттік жастар кадрлық резерві форумы өтті.



Ұқсас жаңалықтар