Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1652987
Әлем баспасөзіне шолу

ТАСС ақпарат агенттігі:Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко елдің жартысынан көбінде өлім-жітім көрсеткіштерінің ковид-19 дейінгі деңгейге төмендегенін жариялады.

Лента.ру:Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың «Солтүстік ағын-2» (Ресей салған) құбыр желісіне бағыттап санкция жасамау шешіміне таңқалғанын айтты.

РИА Новости:АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен егер Ресей өз саясатын өзгертсе, елінің ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. Бірақ 16 маусым күні жүзеге асатын Путин-Байден кездесуі кезінде Мәскеудің мұндай қадам басатынына күмәндануда.

Al Quds Al Arabi: Израильдің Сыртқы істер министрі Габи Ашкенази уақытша премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға Әл-Ақса мешіті төңірегіндегі жағдайдың асқынуына қарсы ескерту жасады.

Al-Dustour (Иордания): АҚШ Иерусалимдегі жағдаймен байланысты және Газаға тағы шабуыл жасау ықтималына қарсы алаңдаулы.

Al Jazeera: Эннахда бөгеті – Мысыр мен Суданның ескертулері артуда. Эфиопия армиясы болса кез-келген шабуылға тойтарыс беруге дайын екенін қайталады.

Der Standard (Австрия): Ресей үкіметі «Солтүстік ағым 2» құбыр желісін жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Саксония-Анхальттегі мемлекеттік кеңес сайлауы. Христиан-демократиялық одақ Германия үшін альтернатива партиясына қарсы жеңіске жетті.

Spiegel.de: Корона өтемақы. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп коронавирус эпидемиясы себепті Қытайдан 10 триллион доллар өтемақы талап етеді.

El País (Испания): «Азаматтардың қауіпсіздігі туралы заң» реформасы бойынша келіссөздер тоқтап қалды. Испания Ішкі істер министрлігі үкіметтік серіктес Юнидас Подемостың қарсы шығуына қарамастан шекарада ұсталған мигранттарды жылдам кері қайтаруды талап етуде.

El Universal (Мексика): Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мексиканы «сайлау процесінің сәтті өтуімен» құттықтады.

El Comercio (Перу): Перудегі жалпы сайлау. Кейко Фуджимори 52,4 пайызға жетті. Педро Кастильо болса 47,5 пайызда.

Le Parisien: Шетелдік инвестициялар тақырыбында Франция Еуропадағы ең тартымды ел болуды жалғастыруда.

Le Monde: (Франция президенті) Эммануэль Макрон елдің «модернизациясын» қайта бастау үшін елдегі денсаулық жағдайының жақсарғанын қалайды.

Le Figaro: Франция қауіп төнген жүздеген ауған жұмысшыны қабылдайды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Коронавирус бойынша ахуал: Екі өңір - «қызыл» аймақта.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанда 3,4 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алды.



Ұқсас жаңалықтар