Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1646584
Әлем баспасөзіне шолу

 

El País (Испания): Коронавирус эпидемиясының қайнары ретінде Қытайдың Ухань қаласындағы лаборатория теориясы нығайып келеді.

Infobae (Aргентина): Бұдан бұрын екі доза Sputnik V  вакцинасы егілген Аргентинадағы бір әкімге ковид жұқты.

Telesur (Венесуэла): Колумбиядағы полиция басқынында ондаған жаралы адам бар.

Deutsche Welle: Германияда балалар мен жастарға ковид вакцинасын салу таласы жүріп жатыр.

Tagesschau: Германия канцлері Ангела Меркель Беларусьқа қарсы санкцияларды арттыруға шешім қабылдады.

Welt.de: Швейцария типті Brexit: Швейцария Еуропа Одағымен келіссөздерді тоқтатты.

Elraya: Газаның қайта құрылуы үшін Катар 500 миллион доллар ақша бөлді.

Eldutour: Иордания королі ІІ Абдуллах Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуінде «Саяси шешім болмауы аймақты одан сайын келіспеушілікке итермелейді» деді.

Elqudus Elarabi: Хамастың саяси кеңсе төрағасы Исмаил Хание «Вашингтон мен Тель-Авивке Иерусалимнің «қызыл сызық» екенін және «қағидаларды біздің анықтайтынымызды» білдірдік»

Le Figaro: Сovid-19: Үндістан варианты әлемге тарап барады, елдер дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуда.

France 24:Франция президенті Эммануэль Макрон Руандаға барады.  Екі ел арасындағы қатынастарды қалпына түсіруді мақсат етеді.

France 24: Швейцария Еуропа Одағымен қатынастар жөніндегі келіссөзді тоқтатты.

REGNUM ақпарат агенттігі: Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Солтүстік Ағын-2 табиғи газ құбыр желісі жобасымен соңына дейін күресетіндеріне уәде берді.

Kommersant: АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби Пентагонның Ресейді дұшпан деп есептемейтінін айтты.

RİA Novosti: Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан шекарасындағы Гехаркуник аймағында армяндардың алты әскерінің тұтқынға алынғанын хабарлады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Елбасы АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті.

Егемен Қазақстан газеті: Биыл вирус жұқтырғандар тым көп.
 

 



Ұқсас жаңалықтар