Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1643243
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: BioNTech вакцинасын жетілдірген Профессор доктор Угур Шахин Түркияға маусым айында 30 миллион, қалғаны қыркүйек айында жалпы 120 миллион доза вакцина беретіндерін хабарлады.

Süddeutsche Zeitung: Неміс жәрдем ұйымдары жаңа типті коронавирус індеті себепті әлемде ауырласқан ашаршылық жайлы ескертті, халықаралық ынтымақтастық жасауға шақырды.

zdf.de: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бүгінге дейін мақұлданған Ковид-19 вакциналарының вирустың барлық түріне қарсы әсерлі екенін жариялады.

el-Düstur (Иордания): Иордания королі Екінші Абдулла Иерусалимдегі тарихи және заңдық мәртебені қорғау керектігін айтты.

el-Quds el-Arabi (Араб-ағылшын газеті): Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әль- Малики БҰҰ-нда сөйлеген сөзінде «Кейбіреулеріміз палестиналық кейбір отбасылардың өлтірілуіне үнсіз қалды, алайда бір израильдіктің өлтірілуін айыптауға келгенде жарысуда» деді.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): “Израильдің палестиналықтарға бағыттаған әрекеттері соғыс қылмысы.»

Le Monde: Ла-Манш теңізінде ондаған босқын құтқарылды.

Le Figaro: Ковид-19: Францияда 31 мамырдан бастап вакцина егу компаниясы кеңейтіледі. Сонымен бірге Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы вакцинаның вирусқа қарсы әсерлі екенін білдірді.

Le Parisien: Еуропа вакцина паспортына байланысты Еуропа Парламенті депутаттары мен Еуропа Одағына мүше елдер арасында келісім жасалды.

El País (Испания): Испания Солтүстік Африкадағы территориясы Сеутада полиция Марокко әкімшілігімен жасалған келісімнен кейін ондаған босқынды шекарадан шығарды.

La Tercera (Чили): Аргентиналық футболшы Марадонаның өліміне байланысты 7 кісі «Өлімге себеп болумен» жазғырылды.

El Universal (Мексика): Ондаған мексикалық саясатшы сайлау компаниясы кезінде қастандықпен өлтірілді.

Kommersant газеті: Кейбір елдердің Сібірдегі табиғи байлықтардың тек қана Ресейге тән болуына мазасызданғанын тілге тиек етуіне жауап берген Ресей президенті Владимир Путин Ресейден бір бөлшек алғысы келгендер енді қайтып тістей алмауы үшін тістерін сындыратындарын айтты.

İzvestiya газеті: Бір топ америкалық сенатор президент Джо Байденнің Ресей орнатқан «Солтүстік Ағым-2» құбыр желісіне бағытталған санкцияларды жою шешімін айыптады және санкциялар жасау үшін бір заң жобасын ұсынды.

RİA Novosti агенттігі: Ресей Жоғарғы Сайлау кеңесінің төрайымы Элла Памфилова Ресейде қыркүйек айында өткізілетін парламент сайлауына сырттан килігу талпыныстарын күткендерін айтты.

Қазинфорум агенттігі: Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ауру маусымдық сипатқа ие болып бара жатқанын айтты.

Егеменді Қазақстан газеті: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-сауданы дамыту туралы айтты.
 



Ұқсас жаңалықтар