Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1642406
Әлем баспасөзіне шолу

Al Raya (Катар): Палестиналық бір лауазым иесі Израиль шабуылы салдарынан гуманитарлық жәрдем жұмыстарының Газаға жеткізілуі үшін Катар және араб елдеріне көмек беру жайлы үндеу тастады. 

Al-Quds Al-Arabi: АҚШ-тық депутат Александрия Окасио-Кортес Конгресте Израильге қару сатуды тосу талпыныстарына мұрындық болуда. 

Al-Quds Al-Arabi:Елді мекендегі еврейлер жаулау астындағы Иерусалимде христиан дін қайраткерлеріне шабуыл жасады. 

Al Jazeera: Еуропалықтар Венадағы Иран атомдық келіссөздерінде ілгерілеу былай тұрсын келісімнің өзі қиын екенін айтты. 

Tagesspiegel: Германияның Отбасы істеріне жауапты  министрі Франциска Гиффи отставкаға кетті.

Spiegel.de:  Қытайдың  криптовалюта биржаларын жауып, Биткоин сатып алуға тыйым салуымен баға күрт құлдырады.

DW: Әр жылы Дания территориясындай жауын орманы жойылуда. 

El Mundo (Испания): Испания Мароккодан екі күн ішінде мыңдаған босқынның келуімен байланысты дағдарыстың Еуропа үшін бір ескерту екенін ойлауда. 

El Pais (Испания): Испания бұқаралық ақпарат және Еуропадан келген қысым нәтижесінде Испания үкіметі Марокко арқылы келген босқындардың өтуіне уақытша рұқсат берді. Алайда көптеген баланың арт жақта қалғаны алға тартылуда. 

El Nacional (Венесуэала): Венесуэлада Ковид-19 індеті салдарынан қаза тапқан медициналық қызметкерлер саны 500-ден асты. 

France 24 : Еуропа Одағы үшінші елдерден келген вакциналанған жолаушылардың кіруіне рұқсат беруде. 

Le Figaro : 2020 жылы әлем көлемінде эвакуацияланған адам саны 55 миллионға жетті. 

Le Monde : Жабылу тыйымына қарамастан 2020 жылы Париж аймағында ауа ластығы жоғарғы деңгейде болды. 

İzvestiya Gazetesi: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ депутаттарымен сәтті бір кездесу өткізгенін айтты. 

Tass Ajansı: Ресей Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Македониядан бір орыс дипломатының шекарадан шығарылуымен байлаынсты тойтарыс беретінін білдірді. 

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері шағын құрамда екіжақты келіссөз өткізді.

Егемен Қазақстан газеті:Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар қашықтан оқу мәселесін талқылады.
 



Ұқсас жаңалықтар