Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1640575
Әлем баспасөзіне шолу

El-Raya El-Katariye: Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Катар мәжілісінің төрағасы Ахмет әл-Махмутпен Израильдің Газаға шабуылдарын талқылады.

Yeni Hayat (Палестина- Батыс Шерия): Газа: басқыншы Израиль тарапынан Әл-Вихде даңғылында жасалған қырғында шейіт болғандардың саны 37-ге жетті.

El-Vatan (Оман): Басқыншы Израильдің Палестина жерін бомбалауы нәтижесінде ондаған адам шейіт болды.  Палестиналық тойтарысшылар болса Израильге жауап берді.

Deutsche Welle: Германия Тұрақты вакцина комиссиясы коронавирусқа қарсы алдымыздағы жыл да вакцинация керектігін білдірді.

Süddeutsche Zeitung: Еуропа Одағы сыртқы істер министрлері Палестина мен Израиль келіспеушілігін талқылайды.

Spiegel.de: «Бавария Мюнхен» футбол клубының 32 жасар польшалық футболшысы Роберт Левандовский осы маусымда 40 гол салып, Герд Мюллердің рекордын жаңалады.

Le Figaro: Сovid-19: Францияда бір күндік өлім-жітім саны бірінші рет 100-ден аз болды.

Le Monde: Коронавирус: Біріккен Корольдікте 20 миллионға екпе егілді.  Алжир шекарасын ішінара қайта ашады.

France 24: Францияда Палестинаға қолдау шерулеріне мыңдаған адам қатысты.

Kommersant газеті: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен орыс әріптесі Сергей Лавровпен Солтүстік Ағын-2 желісін талқылауды жоспарлады.

TASS ақпарат агенттігі: АҚШ Бас консулы Эми Строу Ресейдегі міндет атқарған жері Екатеринбургтан кетті.

TASS ақпарат агенттігі: Беларусь Бас штаб төрағасының орынбасары Игорь Корол соңғы кезде НАТО-ның шабуылдаушы ұшақтарының аймақта көп ұшқанын білдіріп, НАТО-ның Беларусь пен Ресейге әуеден шабуыл жасау жоспары болуы мүмкін екенін айтты.

Infobae (Аргентина): Католик әлемінің рухани лидері Папа Франциск Израиль пен Палестина арасындағы қақтығыстың өлім шиыршығын жаратуы мүмкін екенін айтып, ескертті.

El Confidencial (Испания): Чили сайлауы: Тәуелсіздер мен оппозиция 80 пайыз көпшілік дауысқа ие болды.

El Clarín (Aргентина): Аргентина президенті Фернандес: Тез арада Халықаралық Валюта фондымен келісімге келгім келеді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Президенттің саяси реформалары мен тапсырмалары қалай жүзеге асырылып жатыр.

Егемен Қазақстан газеті: Риддер қаласында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды.

 



Ұқсас жаңалықтар