Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары
Al-Raya Al-Katariya (Катар): Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас: Иерусалим – қызыл сызық. Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін Иерусалим басқыншылықтан азат болуы керек.
VATAN (Оман): Израиль Батыс Шерияда үш кісіні шейіт етті, Газа шабуылдарында шейіт болғандардың саны 35-ке жетті.
Le Matin: Непал барлау саяхатының ұйымдастырушылары Эверестте бір америкалық және бір швейцариялық екі альпенисттің өлтірілгенін білдірді.
Le Monde: Сovid-19: 29 мамыр күні Францияның бас қаласы Парижде бір сынақ концерт ұйымдастырылады.
France 24: Франция кубогы жартылай финал: Чемпиондар лигасынан шығып қалған және Франция лигасында жеңілген Парид Сан-Жермен командасы Эмбаббемен жолын жалғастырды. Қиын күрес және пенальтилерден кейін финалге қалды.
El País (Испания): Вакцинация басталғаннан бері Испанияда коронавирустан өлім-жітім 90 пайыз азайды.
La Nación (Aргентина): Аргентина үкіметі Израильдің «мөлшерсіз күш қолдануын» сынады.
Telesur (Венесуэла): Колумбияда 15 күннен бері жалғасып жатқан шерулер ел көлеміне тарауда.
Zeit Online: Австрия премьер-министрі Себастьян Курц жөнінде тергеу.
Tagesschau.de: Жаңа саяхат реттеуі: Жаз айларында Еуропа территориясында демалыс жеңілдейді.
RİA Novosti агенттігі: Татарстан Республикасы президенттік аппарат баспасөз хатшысы Лилия Галимова 11 мамыр күні болған мектеп шабуылында жараланған оқушылардың денсаулықтарының тұрақты екенін, бес баланың емделу үшін Мәскеуге жолданғанын білдірді.
Gazeta.ru: Bloomberg: Еуроодақ елдері арасында Ресейдің Украинаның бір бөлігін заңсыз сайлау және аймақ халқына орыс төлқұжатын беру арқылы «интеграция жасауға» тырысқаны жөнінде құжат жүр.
İzvestiya газеті: Ресейде қару алып жүрудің бақылуын реттеуге байланысты заң жобасы талқылануда. Қабылдануы күтілген заңға орай қару мен оқтардың цирфлық бақылауы жүргізіледі.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды.
Егемен Қазақстан газеті: Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.