Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1635739
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жұмыс сапары аясында Берлинде Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесті.

tagesschau.de: Германияда вакцинацияланған және ковид-19 эпидемиясынан сауығып кеткендерді негізгі құқығын шектеуден босататын заңдық реттеу Федералды Мәжілісте қабылданды.

sueddeutsche.de: Германия үкіметі АҚШ-тың вакциналық лицензия құқығын жою туралы ұсынысын кері қайтарды.

Le Monde: Ковид-19: Франция президенті Эммануэль Макрон 12 мамырдан бастап дозалар қамтамасыз етілген кезде «жас шектеусіз» вакцинацияның баршаға қол жетімді болатынын мәлімдеді.

Le Figaro: Лион қаласы маңындағы өртте 11 адам жеңіл жарақат алды.

France 24: Франция және бірнеше еуропалық елдер Израильден басып алған Палестина жерінде жаңа қоныстарды тоқтатуын сұрайды.

El Mundo (Испания): Испанияда автономды биліктер біраз уақытқа тоқтатылған AstraZeneca вакцинасын 60 жастан кішілерге егуді қалайды.

El Pais (Испания): Испания 13 мамырға дейін қалған соңғы әскерлерін Ауғанстаннан шығарады.

El Nacional (Венесуэла): Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ковид-19 эпидемиясының жаңа мутациясы пайда болды. Сарапшылар Оңтүстік Американың аурудың ең тұрақты мутацияларының бесігіне айналуына алаңдауда.

Elraya: Катар Ресей Федерациясымен экономикалық қатынастарын кеңейтуде.

Eldustour: Ресейден коронавирусқа қарсы бір дозамен қабылданған жаңа вакцина.

Aljazeera: Вена келіссөздерінің төртінші туры... Иран: Нақты бір ядролық келісімге қол қоюдың белгіленген бір кестесі жоқ.

Elquds Elarabi: Еврей қоныс аударушылары Иерусалимнің Шейх Джаррах аумағында қарусыз палестиналықтарды атып, ауызашар үстелдеріне шабуылдады.

ТАСС ақпарат агенттігі: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевке сапарының сәтті жүзеге асқанын, АҚШ-тың Украинадағы реформалар процесін қолдауға табанды екендерін білдірді.

РБК хабар порталы: (Украинадан бір жақты тәуелсіздігін жариялаған) Луганск Халық Республикасы аймақта БҰҰ Бейбітшілік күшіне қажеттілік жоқ екенін мәлімдеді.

Lenta.ru хабар порталы: Ресей мен Қытай арасындағы сауда көлемі жылдың алғашқы 4 айында 19,4 пайызға өсіп, 40 миллиард доллардан асты.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев: Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында.



Ұқсас жаңалықтар