Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1633504
Әлем баспасөзіне шолу

 

el-Düstur (Иордания газеті): Израиль Теңіз күштерінің кемелері Палестинаның Газа секторы маңында балықшы қайықтарына оқ атты.

el-Quds el-Arabi: Америка Құрама Штаттары Орталық барлау ұйымының Виргиния штатындағы штабына біреулер енуге тырысты.

el-Raye el-Qatariyye (Kaтар газеті):Иракта АҚШ  әскерлері бар базаға зымыранмен шабуылдады.

Le Monde: Сындардан кейін Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден еліне қабылданатын босқын санын 62 мың 500-ге арттырды.

Le Figaro:Сovid-19-дың лабораториядан шыққаны жайлы ықтимал қайтадан күн тәртібіне келді.

El Pais (Испания): Испания коронавирус вакцинациясында алғашқы мақсатына жетті: Бес миллион адам екі доза ектірді.

El Mundo (Испания):  Мадрид аймағындағы жергілікті сайлау үшін сақтық шаралары: 7 700 қызметкер, бес миллион маска және 45 мың қорғаушы перде.

Telesur (Венесуэла): АҚШ бұдан бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде ажырап қалған босқын отбасыларды қайтадан қауыштыруда.

Welt.de: Германияның Мюнхен қаласында тойланатын әлемге танымал Октоберфест коронавирус салдарынан биыл да ұйымдастырылмайды.

Süddeutsche Zeitung: Неміс үкіметі коронавирусқа қарсы екпе ектіргендер үшін кейбір артықшылықтар жоспарлар отыр.

Deutsche Welle: Германияға саяхат: Еуропа Одағында бекітілмеген вакциналар талқыланады.

Russia Today (RT): Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова орыс үкіметініңSWIFT (банктер арасында электрондық фонд трансферін қамдайтын жүйе) тысында қалу ықтималын әлі нақты деп ойламайтынын және зиянның азайтылуы үшін жұмыстанып жатқанын білдірді.

TASS агенттігі: Армения Бас прокуратурасы президенттің қос азаматтығы себебімен соттық іс ашты.  Президенті Армен Саркисян Ұлыбритания азаматтығын қоғамнан жасырған.

RBK ақпарат парақшасы: G7 елдері Сыртқы істер министрлері жиналысында Ресеймен қатынастар қаралады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстан Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады.

Егемен Қазақстан газеті: Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жетекшілерімен кездесті.

 



Ұқсас жаңалықтар