Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1631176
Әлем баспасөзіне шолу

France 24: Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа типтегі коронавирусқа (Ковид-19) қарсы күрес аясында қабылданған коменданттық сағаттық шектеулердің 3 мамыр мен 30 маусым арасында біртіндеп жеңілдетілетінін мәлімдеді.

Le Parisien: Ковид-19: Францияда үнді нұсқасының 'алғашқы оқиғасы' тіркелді.

Le Monde: Франция Ливандағы саяси дағдарыстың жауапкері саясаткерлерге қарсы санкциялар енгізді.

Al-Quds Al-Arabi: Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас: «Біз оккупация астындағы Иерусалимсіз сайлау өткізбейміз».

Al-Dustour (Иордания): АҚШ пен Иран бірнеше апта ішінде ядролық келісімге қол жеткізеді.

Al-Raya (Катар): БҰҰ ақылы сарбаздардың Ливиядан шегінуі үшін шақыру жасады.

Handelsblatt: Тұтыну бағалары: Германияда инфляция өсуін жалғастыруда және соңғы екі жылдық ең жоғарғы деңгейіне көтерілді.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германияда орналасқан биотехнологиялық компания Biontech 12 жастан жоғары балаларға екпе рұқсаты үшін өтініш береді.

dpa: Немістің Lufthansa авиакомпаниясы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шығынға ұшырағанын білдірді.

El País (Испания): Миллионнан астам испандық AstraZeneca-ның екінші дозасын күтуде.

Infobae (Аргентина): Еуропарламент (ЕП) туристерге арналған тегін ПТР сынағы мен ковид сертификатын карантиндік режимнен босатуды талап етуде.

Milenia (Мексика): (Мексика Өкілдер Мәжілісі) Депутаттар косметиканы жануарларда сынағаны үшін берілетін жазаны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болып өзгертті.

РИА Новости: Еуропарламент Ресейге қарсы қабылданатын шараларды қамтыған шешімді бекітті.

Lenta.ru: Германия НАТО мен Ресей арасында соғыс шыққан жағдайда Берлин басатын қадамдарды шешті.

ТАСС ақпарат агенттігі: Қырғызстан әкімшілігі Тәжікстан шекарасында екі елдің сарбаздары арасында шыққан қақтығыста 3 қырғыз шекарашысының шейіт болғанын хабарлады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Егемен Қазақстан газеті: Президент: Қырғыз бен тәжік басшылары мәселелерді бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін.



Ұқсас жаңалықтар