Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1624559
Әлем баспасөзіне шолу

Tagesschau.de: Мьянмадағы төңкерісшілерге ЕО-дан қосымша санкциялар.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германияның Ханау қаласындағы нәсілшіл шабуылда қаза тапқан Паунға (румындық 22 жастағы Вили) шабуыл жасалған түні көрсеткен батылдығы үшін сырттай «Азаматтық ерлік медалі» берілді.

WDR радиосы: Германияның Жасылдар партиясының премьер-министрлік үміткері партияның тең төрағасы Анналена Баербок болды.

Eldustour: Израиль (Иран ядролық келісімі бойынша) Венадағы келіссөздерге әсер етпейді. Америка-Иран келісімшарты жақын.

Elqudus Elarabi: Катар әмірі Ливанға қолдауын қайталауда және саяси партияларды үкіметтің құрылуын тездетуге шақырады.

Aljazeera: Ресми түрде Судан Израильдің бойкот туралы заңын жойды.

Le Figaro: Энергиямен байланысты CO2 (көміртегі) шығарындыларының 2021 жылы қатты өсуі күтілуде.

France 24: Руанда қырғыны: (Руанданың бас қаласы) Кигали дайындаған бір рапортта Францияның қырғында «үлкен жауапкершілігі» болғаны айтылған.

Infobae (Аргентина): Ресейде жүргізілген бір зерттеуге қарағанда Sputnik V вакцинасы 97,6 пайыз тиімді.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла Президенті БҰҰ-мен «азық-түліктік қолдау» туралы келісімге қол қойды.

Prensa Latina (Куба): Буэнос-Айресте (Аргентина астанасы) мұғалімдер бетпе-бет білім беруге қарсы ереуілге шықты.

RBK хабар порталы:АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Сулливан бірнеше аптаға Вашингтонға барып кейін Мәскеуге қайтып келеді.

ТАСС ақпарат агенттігі: Чех Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары, Ішкі істер министрі және Сыртқы істер министрінің орынбасары Ян Гамачек ЕО пен НАТО-дағы одақтастарының орыс барлау қызметкерлерін депортация шешімін ризашылықпен қарсы алғандарын атап көрсетті.

lenta.ru: Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың босатылуын және оған медициналық көмек көрсетілуін талап етті.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президент тапсырмасы: Жол жөндеудегі жұмысты босаңсытқаны үшін бірқатар шенеунік қызметінен босатылды

Егемен Қазақстан газеті: Премьер-Министр Асқар Мамин: Алдағы 5 жылда 315 ауыл мектебі салынады.



Ұқсас жаңалықтар