Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

Le Monde: Францияда алғашқы жабылу арқылы (коронавирусқа байланысты) ауаның ластануы салдарынан екі мың үш жүз адам өлімінің алды алынды.
Le Figaro: Франция президенті Эммануэль Макрон ертең Елисей сарайында Ковид-19 дағдарысын қалай жеңуге болатындығы туралы кеңес өткізеді.
France 24: Ковид-19 салдарынан қаза тапқандар саны Еуропада миллионнан асты.
Al-Quds Al-Arabi: Германия канцлері Меркель «Рамазан - бейбітшілік айы» дейді. Берлин епископтары Құранда ораза тұту мен мейірімділіктің маңыздылығын атап көрсетеді.
Al Jazeera: Иран Президенті Хасан Рухани Катар Әмірімен (Шейх Тамим ибн Хамед әл-Сани) телефон арқылы сөйлескен кезде «Аймақтағы дағдарыстарды шешу сындарлы келіссөздер арқылы мүмкін» деді.
Al-Dustour (Иордания): Қытайда H5N6 құс тұмауының өршуі.
Al-Quds Al-Arabi: Байден 11 қыркүйекке дейін барлық АҚШ күштерін Ауғанстаннан сөзсіз шығаратындығын мәлімдеді.
Die Zeit: Украина дағдарысы - АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинге үшінші бір елде саммит өткізуді ұсынды.
Süddeutsche Zeitung: Әлемде коронавирус – Johnson & Johnson ЕО-қа вакцина жеткізуді кейінге қалдырады.
Die Welt: Инфекциядан қорғау туралы заң. Неміс Федералды үкіметі бүкіл Германияны бағындыратын төтенше жағдайлар тежегішін бекітті.
El País (Испания): АҚШ-тың қолдануды тоқтату туралы ұсынысының артынан (Johnson & Johnson-ның вакцинаны шығаратын Бельгиядағы компаниясы) Janssen компаниясы ковид-19 вакцинасын Еуропада таратуды кейінге қалдырды.
La Jornada (Мексика): Мексика Президенті Лопес Обрадор: «Ұлттық сайлау мекемесіне сенімім жоқ».
El Comercio (Перу): Перуде сайлау: «Еркін Перу» партиясының төрағасы Педро Кастильо бірінші орында».
gazeta.ru: АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинге стратегиялық тұрақтылық тақырыптарын қалпына келтіруді ұсынды.
Коммерсант газеті: Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Егер бізді SWIFT-тен шығарған жағдайда басқа баламаларды қолданамыз».
lenta.ru: Шешенстан президенті Рамзан Қадыров қамаудағы орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың Құран оқу сұранысын сынға алды. Кадыровқа қарағанда Ислам дұшпаны ретінде белгілі Навальный Құранды саяси мақсатпен қолданбақ.
ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы Сенатқа жіберілді.
Егемен Қазақстан газеті: Әсет Ерғалиев Президентке есеп берді.