Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1611912
Әлем баспасөзіне шолу

Elqudus Elarabi: Израиль Иранның қорқытуларын себеп көрсетіп, Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейнге саяхат туралы ескерту жариялады.

Elraya: Катар сириялықтар шеккен азабын жеңілдету мақсатты 100 миллион доллар көлемінде жәрдем беруге уәде етті.

Aljazeera: Хамас: ‘Кез-келген себептен Палестина сайлауын кейінге қалдырудан бас тартамыз’.

El País (Испания): Брюссель (Еуроодақ) Испаниядан ауқымды және табанды бір жұмыс реформасын талап етуде.

El Mundo (Испания): Испания азаматтарының мүмкіндігінше тезірек (әскери төңкерістен кейін ішкі тәртіпсіздіктер одан әрі жалғасуда) Мьянмадан шығуын талап етті.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла президенті Николас Мадуро: «Венесуэла мен Ресей стратегиялық бағыттар бойынша 12 ынтымақтастық келісіміне қол қойды».

Deutsche Welle: Biontech компаниясының негізін қалаушы (түрік ғалым) Уғур Шахин Еуропада артып отырған коронавирус оқиға сандарына назар аударып, қолда бар барлық вакциналарды қолдануға шақырды. Шахин жазғы маусым үшін де ескерту жасады.

Süddeutsche Zeitung: AstraZeneca вакцинасы Германияда 60 жастан асқан адамдарға ұсынылды.

Welt.de:Сириялық босқын Тарек Алауос нәсілшіл қауіптер себепті Жасылдар партиясы атынан Федеральдық Мәжіліске үміткерліктен бас тартты.

Российская газеті: Ресей президенті Владимир Путин Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макронмен «Sputnik V» вакцинасына қоса Украина және Еуроодақпен (ЕО) қарым-қатынастарды талқылады.

Регнум: The Hill газетінің хабарына қарағанда, АҚШ-тан шамамен 30 ұйым АҚШ президенті Джо Байденді Ресеймен сындарлы келіссөзге шақырды.

Коммерсант: Ресейде коронавирусқа қарсы жануарларға егетін әлемдегі алғаш  вакцинаны тіркеді.

Le Figaro (Франция): Ковид-19: Еуропадағы шекараларда бақылау күшейтілді.

Le Parisien (Франция): Ковид-19: Семіздік мөлшері жоғары елдерде коронавирус салдарынан өлім-жітімнің анағұрлым жоғары екені анықталды.

France 24 (Франция): Сербияда иммигранттар вакцинация шараларына қосылды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі:Коронавирус: Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер бесеу болды.

Егемен Қазақстан газеті: Экспорт әлеуетін арттыратын шешім.



Ұқсас жаңалықтар