Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары
Le Monde: Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы Францияның Иль-де-Франс аймағында жылдам тарауда.
France 24: Дүйсенбі күні жарияланған бір зерттеуге қарағанда, ковид-19 салдарынан ауруханаға түскен науқастардың кем дегенде үштен бір бөлігінде әртүрлі ағзаларының зақымдануы және психологиялық мәселелерден тұрақты түрде зардап шеккені көрінеді.
Le Monde: Қытайдың Франциядағы елшісі айтқан қорлау сөздері үшін 'Квай д'Орсейге' (Франция Сыртқы істер министрлігіне) шақырылды.
El País (Испания): Ковид-19-ға қарсы жетілдірілген вакцинаның жинақталған және жоспарланған вакцина дозаларымен маусым айында Испания тұрғын санының 70%-ына екпе егілетіні болжалуда.
Infobae (Аргентина): Венесуэланың Ұлттық фармацевтикалық академиясы Куба вакцина сынақтарының ковид-19-ға қарсы рисктері туралы ескертті.
La Jornada (Мексика): Мексикада (қытайлық Cansino Biologics компаниясынан сатып алынған) CanSino вакцинасы таратыла бастады.
Aljazeera: Израильдік сайлаушылар екі жыл ішінде төртінші рет дауыс беруде.
Al-Quds Al-Arabi: Израиль премьер-министр Беньямин Нетаньяху: «Толығымен тәуелсіз бір Палестина мемлекеті құрыла алмайды».
Al-Raya (Катар): Түркияда өтетін кейінгі жиналыста АҚШ-тың жоспары талқыланады: АҚШ Конгресі Ауғанстаннан кері шегіну үшін «нақты бір жоспар» шақыруы жасайды.
РИА Новости: Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Джосеп Боррель Мәскеудің Брюссельден одан сайын алыстап бара жатқанын айтты.
Коммерсант газеті: Ұлыбритания Ресейді «Еуропаның қауіпсіздігіне қарсы ең үлкен ядролық және әскери қатер» деп санайды.
ТАСС ақпарат агенттігі: Болгария Ресей елшілігінің екі қызметкерін «қалаусыз адам» деп жариялады. Дипломаттардан 72 сағаттың ішінде елден кетуін сұрады.
ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді.
Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының қосымша 4 млн дозасы жеткізілмекші.