Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

el-Düstur (Иордания): Израиль екі аптада палестиналық азаматтардың 89 ғимаратын тартып алды.
el-Quds el-Arabi: Израиль премьер-министрі Иерусалимдегі кеңсесінде Мысырдың бір министрін қабылдады. Қабылдауда Нетаньяху министрден дос Мысыр президенті Әс Сисиге сәлем айта баруын сұрады.
el-Raye el-Qatariyye (Kaтар): Катар Франкофонияға қолдау көрсетуін жалғастырады.
Deutsche Welle: Коронавирус: Германияда оқиға саны алаң туғызатын түрде артып отыр.
Süddeutsche Zeitung: Германияда уәлаяттар вакциналау кезегін өзгерткісі келеді. Бала бақша мен бастауыш мектептерде міндет атқаратындарға алғы кезек берілуі ойластырылуда.
Frankfurter Rundschau: Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы қайтадан кандидат бола ма? Өгей қызы Лара Трамптың айтқандары осы тақырыпты өршітті.
El País (Испания): Каталон полициясының көшедегі оқиғаларды басқару әдісі Каталониядағы тұрақсыздықты ушықтырды.
La Jornada (Meксика): Веракруз штатында құлаған Мексика Әуе күштерінің ұшағында алты адам қаза тапты.
Clarín (Aргентина): АҚШ коронавирус себебімен 500 мыңнан асқан өлім-жітіммен Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар мен Вьетнам соғысындағыдан да көп шығын берді.
Gazeta.ru: АҚШ президенті Джо Байденнің қауіпсіздік кеңесшісі Сулливан Америка Құрама Штаттарының орыс хакерлердің кибер шабуылдарына жауап дайындағанын айтты.
İzvestiya газеті: Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен Ресейдегі адам құқықтарын бұзушылықтарға наразылық білдіруін сұрайды.
RİA Novosti:Словакия премьер-министрі Игор Матович кабинет мүшелерінен орыстың коронавирус вакцинасын алуды жылдамдатуды талап етті.
Le Monde: Францияда полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыстар жиырма жылда екі еседен артық көбейді.
Le Figaro: Мьянмадағы хунта ереуілшілерге өлулері мүмкін екенін айтып ескертті.
Libération: Коронавирус сақтық шаралары: Францияның оңтүстігіндегі Ницца қаласында туризм жойылатын жағдайда.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: 25 ақпанда Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтеді.
Егемен Қазақстан газеті: Денсаулық сақтау вице-министрлері «Спутник V» вакцинасының 2-дозасын ектірді.