Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1584498
Әлем баспасөзіне шолу

 

Frankfurter Rundschau: Анкара Америка Құрама Штаттарының өкілетті елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Deutsche Welle: Берлиндегі қонақүйлер үйі жоқ адамдарға есігін ашты.

ard.de: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мамандары Қытайдан коронавируске байланысты одан да көп мәлімет талап етеді.

ABC газеті (Испания): Каталонияда сайлау: Бір ғана жеңімпаз бар: жікшілдер. Каталония Республикашыл солы және Каталония үшін Бірлік қайтадан үкімет құруы мүмкін.

Clarín (Aргентина): Аргентинаның бұрынғы президенті Карлос Менемнің жаназасы Сан Хусто мұсылман қабірстанына жерленді.

El Universal (Mексика): Мексикадағы Ұжымдық төңкерісшіл партиясының бұрынғы депутаты Гладис Мерлин мен қызы қастандыққа ұшырады.

Eldustour: Дүниежүзілік Денсаулық ұйымынан хабар: Коронавирустың он үш түрі анықталды.

Elraya: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы даму жолындағы елдерде AstraZeneca вакцинасының қолданылуын мақұлдады.

Elqudus: Катар Сыртқы істер министрі ядролық тақырыбынан туындаған келіспеушіліктер кезінде Иранға барды.

Le Parisien (Франция): Сovid-19: АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен Франция президенті Эммануэль Макрон пандемияға қарсы «жақын ынтымақтастықты» қолдайды.

Le Figaro (Франция): Сovid-19: француз медқызметкерлер көмек ретінде Португалияға жіберілді.

Le Monde (Франция): Сovid-19: Наурыз және сәуір айларында Париж және Марсельде концерт «сынақтары» өткізіледі.

Russia Today:  Думаның Бюджет және салық комитеті криптовалютамен жүргізілген істердің салықтандырылуын көздейтін заң жобасын бекітті.

TASS: Америка Құрама Штаттары мен Ресей Таяу Шығыс проблемасының шешілуінде бірге жұмыстануы мүмкін.  Тақырып екі елдің Сыртқы істер министрлігі лауазымдыларының телефон әңгімесінде талқыланды.

Lenta.ru:  Ресей президенті Владимир Путин үкіметке орыс вакциналарының мутацияға ұшыраған вирустарға әсері жөнінде анализ жасауға нұсқау берді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Үкімет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атады.

Егемен Қазақстан газеті: Президент: Бюджеттің әрбір теңгесі өз мақсатына жұмсалуы тиіс.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар