Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1583604
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): 12.4 миллион сириялық азамат азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет.

Vatan (Оман): Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) жаңа типтегі коронавирустың (Ковид-19) вакцинасы дәріханаларда сатыла бастады.

El-Mustakbal (Ливан): АҚШ қорғаныс министрлігі: Аймақтағы (Таяу Шығыстағы) әскерлеріміз Иран қаупіне қарсы күресе алады.

Le Monde: Францияда Ковид-19 кезінде (жұмыста) компьютер алдында түскі ас ішу қайтадан заңдастырылды (Ескерту: Елде үстелде тамақтануға тыйым салынады).

Le Figaro: Франциядағы азық-түлік банктерін пайдаланған азаматтардың жартысы осы көмекке бір жылдан аз уақыт бұрын жүгінген (Ескерту: Францияда азық-түлік банктері жағдайы нашар адамдарға азық-түлік көмегін көрсетеді).

Le Parisien: Парижде бір ананың сәбиімен бірге шабуылға ұшырауы ашуды тудырды. Марлен Шиаппа (Азаматтыққа қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік министр) және Джеральд Дарманин (Ішкі істер министрі) шабуылға наразылық көрсетті.

El Pais (Испания): Каталония сайлауы: Осы жексенбіде Каталония аймағында өткен сайлауда жікшілдер қайтадан күшін арттырды.

El Mundo (Испания): Каталония сайлауында жікшілдерден емес, Каталония социалистік партиялары дауыс саны бойынша бірінші партия болды, алайда жікшілдер өздерінің абсолютті тұғырын сақтап қалды.

El Nacional (Венесуэла): Венесуэла орыс «Sputnik V» коронавирустық вакцинасының алғашқы бөлігін алды.

Tagesschau.de: Германия канцлері Ангела Меркель 9 адам қайтыс болған Ханаудағы шабуылдың жылдығы алдында бірге өмір сүргісі келетін баршаны нәсілшілдікке қарсы ынтымақтастыққа шақырды.

Gazeta.ru: Ресей әскери лауазымдылар мен дизайнерлер зымыран шабуылын алдын ала ескерту жүйесінің сынақтарын аяқтады.

Lenta.ru: Ресей 15 ақпан күнінен бастап Әзербайжан мен Арменияға коронавирустың өршуіне байланысты тоқтатылған рейстерді қайтадан бастады.

Vesti.ru: Алғаш рет Ұлыбританияда анықталған жаңа типтегі ковид-19-ды диагностикалайтын әлемдегі алғашқы сынақ Ресейде тіркелді.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстан Люксембург сотында Стати ісіне қатысты шешімнің күшін жоюға қол жеткізді.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев сот жү­йесін жаңғырту мә­се­­ле­лері жөнінде кеңес өткізді.



Ұқсас жаңалықтар