Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1579199
Әлем баспасөзіне шолу

 

Bild.de: Германияның солтүстігі жылдамдығы сағатына 100 километрге жеткен дауылға және салқын ауаға берілді. Кейбір аймақтарда қар жалғасуда.

Spiegel.de: Оңтүстік Африка коронавирус вакциналауын тоқтатты.  Мұның себебі – вакцинаның мутацияға ұшыраған штаммға ықпалды болып болмағанының анықталмауы.

Süddeutsche Zeitung: Германияда коронавирусқа қарсы қабылданған сақтық шараларының жеңілдетіліп жеңілдетілмейтіні канцлер Ангела Меркель және уәлаят басшылары арасында сәрсенбі күні болатын жиналыстан кейін белгілі болады.

Al-Raya Al-Katariya (Kaтар): Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы вакцина өндірген елдерден өндірісті арттыруын сұрады.

VATAN (Оман): Санкциялар нәтижесінде Иранның шығыны шамамен 100 миллиард долларға жетті.

El-Mustakbal (Ливан): Оман коронавирус сақтық шаралары шеңберінде екінші бұйрыққа дейін құрлық жолдарын жабу шешімінің мерзімін созды.

Le Figaro: Алжирде 1960 жылдары Франция жасаған ядролық сынақтар: Алжир армиясы Францияның жауапкершілікті өз мойнына алуы керектігіне сенеді.

Le Monde: Францияда «Қауіпсіздік заңы»: Халықаралық Амнистия ұйымы шерулер барысындағы заңсыз тұтқындауларды айыптады.

Le Parisien: Коронавирустың Оңтүстік Африка және Бразилия мутациялары: Франциядағы мектептерде карантин және сыныпты жабу шешімдері қатайды.

EFE агенттігі (Испания): Испаниядағы коронавирус деректері азайып келеді. Вакцина арқылы иммунитет қамдау тақырыбында жетістіктер бар.

El Comercio (Эквадор): Эквадорда президентік сайлау: Жылдам санақ екінші турды бекітті, Арауз алда.

El País (Испания): Тарихта жазылып қалатын үш ғарыш кемесі Марс ғаламшарына қонады. Бір уақытта Марсқа баратын үш елдің (Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және Қытай) мақсаты – ғаламшардың климатын зерттеу және тіршілік іздеу.

Gazeta.ru:Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әлемде коронавирусқа қарсы иммунитеттің жазға дейін 60 пайыз қалыптасатынын және тамыз айында масканы шешуге болатынын айтты.

TASS Aгенттігі: Ресей Сыртқы істер министрлігі ЕО Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррельдің Мәскеудегі баспасөз брифингіндегі сөздері мен Брюссельге оралғандағы Ресей туралы айтқан сөздері арасындағы айырмашылықтың таңғалдырғанын білдірді.

RİA Novosti Aгенттігі: Ресей Грекия мен Сингапурға ұшақ рейстерін қайта бастады.

ҚазИнформ агенттігі: Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.

Егемен Қазақстан газеті: Елімізде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда.

 

 



Ұқсас жаңалықтар