Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

Bild.de: Германия коронавируспен күрес аясында Португалияға әскер мен дәрігер жіберуге дайындалуда.
Frankfurter Allgemeine Zeitung: Мәскеуде сот отырысы - орыс оппозиционер Навальный екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Spiegel.de: Орыс «Sputnik V» вакцинасының тиімділігі 91,6 пайыз.
Le Parisien (Франция): Ковид-19: Франция президенті Эммануэль Макрон жаздың соңына дейін барша французға вакцина егуге уәде берді.
Le Monde (Франция): Ағылшын коронавирусының алаңдатқан мутациясы жалғасуда.
France 24 (Франция): Ковид-19: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Ухань вирусология институтында болды.
Al Raya (Катар): Еуроодақ Иерусалимде елшілік ашпау тақырыбында Косовоға ескерту жасады. Араб лигасы болса елшілік ашу туралы шешімді халықаралық «құқықты бұзу» деп айыптайды.
Al Dastour (Иордания): Бүкіл әлемде екі айдың ішінде коронавирустың жаңа түріне қарсы 100 миллион вакцина егілді.
Al Jazeera: Қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісімдерінің артынан Израиль Суданға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.
El Pais (Испания): Еуроодақтың Орталық банк деректері бойынша Испания өткен жылғы экономикалық дағдарыспен күрес аясында ең аз қаржы жұмсаған еуро аймағы елі болды.
El Mundo (Испания): Испанияның Мадрид, Малага және Астурия сияқты көптеген қаласында Ковид-19 эпидемиясының тарауының алдын алу үшін қабылданған шектеулер арттырылады.
TeleSur (Венесуэла): Эквадорда президенттікке үміткер Андрес Арауз өзінің қарсыласы және банкир Гильермо Лассоның жымқырған ақшамен сайлау науқанын жүргізгенін алға тартып, прокуратураға шағымданды.
ТАСС ақпараттық агенттігі: Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова батыстық дипломаттардың оппозиционер саясаткер Алексей Навальныйдың Мәскеудегі сот отырысына қатысуын «саяси бір әрекет» деп бағалады.
Коммерсант газеті: Нью-Йорктағы Ресей бас консулдығына Алексей Навальныйға қолдау шерулері кезінде қызыл бояу лақтырылды. Бас консулдық АҚШ Сыртқы істер министрлігінен дипломатиялық қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады.
gazeta.ru:Қытай жаңа типтегі коронавирусқа қарсы вакцина өндірісі тақырыбында Ресеймен ынтымақтастыққа дайын.
ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президент Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді
Егемен Қазақстан газеті: Нұр-Сұлтанда кафелер мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істейді.