Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1573531
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: Германияда босқындарға жақын саясат жүргізгені үшін өлтірілген Кассель әкімі Вальтер Любке қастандығына байланысты сотта үкім жарияланды. Қылмыскер Стефан Ернст өмір бойы бас бостандығынан айрылды.

zdf.de: Неміс үкіметі мутацияға ұшыраған вирус көп байқалған елдерден саяхатты шектеуді жоспарлап отыр.

ard.de: Германия вакцина комиссиясы AstraZeneca компаниясының коронавирус вакцинасының 65 жас және одан үлкен кісілерге салғызылмауына кеңес берді.

Al-Quds Al-Arabi: Ұлыбритания Біріккен Араб Әмірліктерінен келген жолаушылардың елге кіруіне тыйым салды.

Al-Quds Al-Arabi: БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Палестина халқының өз тағдырын айқындауына және тәуелсіздік құқығына құрмет көрсетілуі керек»

Al-Dustour (Иордания): Вашингтон: Ядролық келісімге оралу Иранның жауапкершіліктерін орындауына байланысты

Al-Raya (Kатар): Ауғанстандағы Тәуелсіз Адам құқықтары комиссиясы жоғалып кеткен бейбіт азаматтардың былтыр 2019 жылға қарағанда 21 пайыз азайғанын хабарлады.

La Tercera (Чили): Қытайдың Sinovac лабораторияларынан алғашқы партия коронавирус вакцинасы Чилиге жетті.

El Mundo (Испания): Еуропа Одағы вакцина экспорттарына тыйым салатын бір механизмді іске қосады.

El País (Испания): Коронавирус эпидемиясының бірінші жылы Испанияда 622 мың 600 жұмыс жойылды және жұмыссыздық көрсеткіші 16,3 пайыз артты.

Le Parisien: Франциядағы шеткі аймақтар: Үкімет 3,3 миллиард евро инвестиция уәдесін берді.

Le Figaro: Франция күштерінің Сахел аймағындағы операциясы: Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі Парижге қолдау уәдесін бермейді.

Le Monde: Францияда жыныстық және отбасылық қылмыстан басқа қылмыстық істер 2020 жылы азайды.

RİA Novosti: Ресейде жоғары оқу орындарында 7 ақпаннан бастап дәстүрлі форматта оқу басталуы мүмкін.

İnterfaks: Украина президенті Владимир Зеленский Украина Ұлттық Қауіпсіздік және Қорғаныс кеңесінің Ресейдің кейбір жеке тұлғалары мен компанияларына бағытталған санкция шешімін күшіне енгізді.

Regnum: «Russia Today” медиа органының бас редакторы Маргарита Симонян Украинаның шығысында бір жақты тәуелсіздік жариялаған екі «республиканы» Ресей жеріне қосып алуға шақырды.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Коронавирус: Қазақстанда 6 өңір - «қызыл», бір облыс - «сары» аймақта тұр.

Егемен Қазақстан газеті: Ералы Тоғжанов Ақпарат министрлігінің жылдық жұмысына оң баға берді.



Ұқсас жаңалықтар