Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1572875
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: БҰҰ-ның зерттеуіне қарағанда адамзаттың үштен екісі климат өзгерісін «жаһандық төтенше жағдай» деп қабылдауда.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Мәскеу «Қарусыздану туралы келісімді» 2026 жылға дейін созды.

nrz.de: Футбол. Месут Өзил Германия үшін «ешқашан» ойнағысы келмейді.

Eldustour: БҰҰ-ның Палестиналық босқындар және қоғамдық жұмыстар жөніндегі Таяу Шығыс агенттігі: Биыл қызметімізді жалғастыру үшін 1 миллиард доллардан астам қаражат қажет.

Elraya: Ақ Үй әкімшілігі коронавирустың шығу тегі туралы «ашық және терең» халықаралық тергеу жүргізуге шақырды.

Elayyam: Байден әкімшілігі Палестина-Израиль мәселесіне бағытталған саясатының ерекшеліктерін алғаш рет жариялады: Екі мемлекетті шешімді қолдау, аннексиялар мен қоныстардан бас тарту, дипломатиялық өкілдіктерді қайта ашу және көмек көрсетуді жалғастыру.

El País (Испания): Еуроодақ AstraZeneca компаниясынан Ұлыбританияда өндірген вакциналардың бір бөлігін жеткізуін талап етті.

Infobae (Аргентина): Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ұлыбританиядағы коронавирустық мутацияның 70 елде, ал Оңтүстік Африкада анықталған мутацияның 31 елде анықталғанын хабарлады.

Telesur (Венесуэла): Ресей Аргентинаға Ковид-19 вакцинасын кешіктіретінін хабарлады.

Le Monde (Францияда): Парламенттік Ковид-19 ақпарат бөлісу тобы күтпеген жерден тарқатылды.

Le Figaro: Америка Құрама Штаттары радикалдардың қақтығысу ықтималына қарсы дайын.

Libération (Франция): Ницца қаласында бір мейрамхана «азаматтық бағынбау» аясында заңсыз түрде есіктерін ашты.

lenta.ru: Орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың бауыры менНавальный құрған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының қызметкері оппозиционер саясаткер Любовь Соболь 48 сағаттық тергеуге алынды.

ТАСС:БҰҰ Бас хатшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейде жасалған вакцинаны тезірек бекітетініне үмітті.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Асқар Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті.



Ұқсас жаңалықтар