Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1568146
Әлем баспасөзіне шолу

 

zdf.de: Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Джо Байденнің АҚШ президенті ретінде қызметін бастауына байланысты қуанышын тілге тиек етті.

Deutsche Welle: Германияда еркек балапандардың жойылуына тыйым салынады.

Süddeutsche Zeitung: Германияда қоғамдық көліктерде және дүкендерде FFP2 маска кию немесе медициналық маска кию міндеттеледі.

La Vanguardia (Испания): Испанияның бас қаласы Мадридтің орталығындағы бір ғимаратта болған жарылыста кемінде үш адам қаза тапты.

El País (Испания): АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден америкалықтарды «барлығын басынан бастауға» шақырды.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Ұлттық мәжілісті АҚШ-пен қарым-қатынасты қайта бастау үшін бастама көтеруге шақырды.

Le Parisien: Ковид-19: Франция Еуропа Одағы елдерінен келетін жолаушылар үшін коронавирус тестін міндеттеуді жоспарлап отыр.

Le Monde (Франция): Мәжіліс медицинада төтенше жағдайдың созылуын мақұлдады.

Le Figaro: Францияда Ислам принциптері жарғысы: Франция Ислам кеңесіне қарасты үш федерация құжатқа қазіргі қалпымен қол қоюға қарсы шығып отыр.

Al Jazeera: АҚШ-тағы ұлықтау рәсімінен кейін: Израиль премьер-министрі Нетаньяху АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді Иранмен есептесуге шақырады.  Еуропа Ақ Үйдегі «досына» сәлем жолдайды, Палестина мемлекет басшысы Аббас бейбітшілік орнатқысы келеді.

Al-Quds Al-Arabi:Дональд Трамп Байден міндетіне бастамастан бір сағат бұрын Біріккен Араб Әмірліктеріне берілетін қару келісімін бекітті.

Al-Raya (Kатар): Мысыр Катармен арадағы дипломатиялық қатынастарды қайта бастағанын хабарлады.

Kommersant: 2020 жылы Ресейге келген шетелдіктердің саны 2019 жылмен салыстырғанда 70 пайыз азайды.

RİA Novosti: NASA Ресейдегі өкілдіктерінің санын азайтқысы келеді.

Russia Today: Ресей Федералдық информация технологиялары және Бұқаралық ақпарат бақылау комитеті Роскомнадзор ВКонтакте желісінен Навальныйдың босатылуы үшін ұйымдастырылған наразылықтарға қатысу шақыруларын өшіріп тастауын талап етті.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Коронавирус: Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр.
Егемен Қазақстан газеті: Ұлттық Банкте жаңа комитет құрылды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар