Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1563441
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Францияда Әділет министрі Эрик Дюпон-Моретти туралы «заңсыз пайда түсіру» айыбымен тергеу ашылды.

Le Soir: Бельгияда тергеуге алынған соң қаза тапқан африкалық жас үшін бас қала Брюссельде ұйымдастырылған шеруде қақтығыс шықты.

Le Monde: Париж соты 3 полиция қызметкері туралы зорлық-зомбылыққа қоса нәсілшілдік жасаумен айыптап, ескерту және сөгіспен жазалады.

Deutsche Welle: Түркия Дәрі-дәрмек және медициналық аппарат мекемесі, анализден өткен Қытайдың CoronaVac вакцинасы үшін «Жедел қолдану рұқсатын» берді. Рұқсат берілген соң алғашқы CoronaVac вакцинасы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаға егілді.

DiePresse.com: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ): Мутацияға ұшыраған вирус 50 елде анықталды.

Tagesschau.de: Германия Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан Ковид-19 эпидемиясы шараларының ақпан айында да күшінде қалуға тиісті екенін атап көрсетті.

Al-Dustour (Иордания): Израильдің Сирияға бағытталған шабуылында 57 адам қаза тапты.

Al-Quds Al-Arabi: Дональд Трамп АҚШ тарихында міндеттен босату үшін Сенатқа екі рет жіберілген алғашқы президент болды.

Al Jazeera: Канада үкіметіне Қатынас министрі болып сириялық бір мигрант тағайындалды.

İnterfax ақпарат агенттігі: Орыс оппозиционер Алексей Навальный желтоқсан айынан бері Ресейде полиция іздеу салғандар тізімінде орын алады.

RBK хабар порталы: «Bank of America» мамандарына қарағанда АҚШ-тағы президенттік сайлауда Джо Байденнің жеңіске жетуі Ресей нарығына болымды әсерін тигізуі мүмкін.

lenta.ru хабар порталы: Ресей президенті Владимир Путин келесі аптадан бастап елде жаппай вакцинация бағдарламасының бастау туралы бұйрық берді.

El Pais (Испания): Испанияда үкімет қарлы бораннан зардап шеккендерге жәрдем үшін кепілдік берді.

TeleSur (Венесуэла): Даллас штатындағы Мексиканың бас консулдығының ресми Твиттер аккаунтында 2009 жылдан 2018 жылға дейін елде 19 мың 998 Хиспандықтың (АҚШ-та өмір сүрген Латын Америка немесе испан текті) қарумен өлтірілгенін жариялады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Егемен Қазақстан газеті: Мәжілістің 107 депутатына куәліктер мен белгілер тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар