Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1554610
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Kатар): ДАИШ террорлық ұйымының басшысы Ирактың Киркук қаласында ұсталды.

VATAN (Оман): Оманда 1717 кісі коронавирус вакцинасын салғызды, елде вакцинация жалғасуда.

El-Mustakbal (Ливан): Шекара танымайтын журналистер ұйымы: 2020 жылы әлем көлемінде 50 журналист қаза тапты.  Бұлардың көбі қақтығыссыз аймақтарда қайтыс болды.

Le Monde: 2020 Фрранцияда бүгінге дейін тіркелген ең ыстық жыл болды.

Le Figaro: Коронавирус: Президент Макрон эпидемия қатты әсер еткен 20 қалада сақтық шараларын арттырғысы келеді.

France 24: Малиде операцияда міндет атқарған үш француз әскер өлтірілді.

Deutsche Welle: Ресей мен Түркия әскери ынтымақтастықты бұзбайды: Жарияланған АҚШ санкциясына қарамастан Түркия Ресейден қару алуын жалғастырғысы келеді.

Tagesspiegel: ЕО санкцияларына наразылық: Ресей қайтадан неміс үкіметінің кейбір өкілдеріне елге кіруге тыйым салды.

La Vanguardia: Коронавирусқа қарсы жетілдірілген Pfizer вакцинасының алғашқы бөлігі Испанияға жетті.

El País: Испания премьер-министрі Педро Санчес патшалықтың модернизациясы үшін бір заңның жолын ашты.

Prensa Latina: Венесуэла мен Ресей вакцина үшін келісімге қол қойды.

RİA Novosti: Ресей биыл 1992 жылдан бері ғарышқа ең аз ғарыш көлігі жолдап, анти-рекорд жасады.

TASS: Ресей Сыртқы істер ведомоствосының баспасөз хатшысы Мария Захарова Еуропа Одағы сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеф Боррельді Ресейдің коронавирус вакцинасын жамандады деп айыптады.

Lenta.ru: Ресей Тергеу комитеті орыс оппозиционер Алексей Навальныйға сот ашты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жұмысын қорытындылады.

Егемен Қазақстан газеті: Отандық агроөнеркәсіп 45 млн адамды асырай алады.

 



Ұқсас жаңалықтар