Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1539427
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Валери Жискар д'Естен қайтыс болды: Эммануэль Макрон бір күндік ұлттық аза жариялады.

Libération: Франция премьер-министрі коронавирусқа қарсы егілетін вакцина жоспарын білдірді: Бастапқыда бір миллион кісіге егіледі.  Қаңтар айынан бастап баршаға тегін болады.

France 24: Еуропа футболының клуб деңгейіндегі нөмірі екінші организациясы UEFA Еуропа лигасы бесінші аптасында Бурак Йылмаз екі гол салып, H тобындағы Лилль командасына жеңіс сыйлады.

Tagesschau.de: ARD-DeutschlandTrend сауалнамасының нәтижесі: Немістердің көбі жаңа жылда ковид сақтық шараларының жеңілдетілуіне қарсы.

Süddeutsche Zeitung: Италияда коронавирустан 993 өліммен «бір күндегі ең жоғары көрсеткіш» тіркелді.

Die Welt: Коронавирус эпидемиясы: Германияның жұқпалы аурулардағы өкілетті мекемесі Роберт Кох Институты төрағасы өлім-жітімнің артуы мүмкін екенін айтты.

La Tercera (Чили): Чили мемлекет басшысы коронавирус себебімен жарияланған төтенше жағдайдың 13 наурыз күніне дейін созылатынын жариялады.

El País (Испания): Сақтық шаралардың арқасында Испания енді эпидемия тұрғысынан «асыра рискті» елдер қатарында емес.

El Universal (Meксика): Америка Құрама Штаттарының Ютах штатынан кейін ең құпия монолит Калифорния штатында табылды.

Al-Quds Al-Arabi: Израиль Иранның Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Түркия және Грузия мен Әзербайжандағы базаларға шабуыл жасауы мүмкін екенін айтып ескертті.

Al-Quds Al-Arabi: Израиль басқыншы күштері ең көп қаруы бар елдердің басында тұр.

Al-Raya (Катар): Коронавирусқа қарсы жетілдірілген Sputnik-V вакцинасы жүз мың орыста сынақтан өтті.

Al-Dustour (Иордания): Франция президенті Эммануэль Макрон билікке келгелі 43 мешітті жапты.

İzvestiya газеті: Ресей салған «Солтүстік ағын-2» құбыр желісіне бағытталған кеңейтілген санкциялар Америка Құрама Штаттарының жаңа қорғаныс бюджетіне енді.

Ria Novosti агенттігі: Америка Құрама Штаттарындағы сайлаудан жеңіп шыққан Джо Байден Ресейге деген көзқарастың көп бағытты болатынын айтты.

Lenta.ru ақпарат агенттігі: Коронавирусқа қарсы вакцина ектіргісі келетін Мәскеу тұрғындары интернет арқылы тіркеуге алына бастады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысына коронавируске қарсы отандық вакцинаны әзірлеу барысы туралы баяндалды.

Егемен Қазақстан газеті: Бір тәулікте Қазақстанға шетелден 1600-ге жуық адам ұшып келді.



Ұқсас жаңалықтар