Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1538787
Әлем баспасөзіне шолу

ard.de: Ұлыбритания BioNTech және Pfizer компаниялары өндірген жаңа типтегі коронавирус вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берген алғашқы ел болды.

Welt.de: «Формула-1»-дің аты аңызға айналған автокөлік пилотыМихаэль Шумахердің баласы Мик Шумахер 2021 жылдан бастап, «Haas F1» командасында жарысады.

Deutsche Welle: Интерпол бүкіл әлемде коронавирус вакциналарының ұрлану және қолдан жасанды вакциналардың тарауы мүмкін екенін ескертті.

Elsabah: Тунис Палестина мәселесін шешу үшін халықаралық бір конференция шақыруы жасады.

Newsabah: Франция: Ливан үкімет құрылғанша халықаралық жәрдем қабылдамайды.

Elraya: Катар-Түркия стратегиялық серіктестігіндегі жаңа көкжиектер.

Le Monde: Бұрынғы Франция президенті  Валери Жискар д’Эстен дүниеден озды.

Le Figaro (Швейцария): Либерия соғысында (1999-2003) жасалған зұлымдықтармен байланысты тарихи қылмыстық іс.

Le Soir (Бельгия): Коронавирус: Фламандиялықтардың үштен екісі вакцина егуге дайын.

El País (Испания): Испанияда премьер-министр Педро Санчес Сот кеңесінің жұмыс істеп тұрған кезде өкілеттіктерін шектеуді реттейтін заңды реформалау процесін бастады.

El Mundo (Испания): 2020 жылы қараша айы испандық қонақ үй саласы ұзақ уақыт есте сақтайтын кезең болады.

TeleSur(Венесуэла): БҰҰ Боливияда заңды реформалау процесінде ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді.  

lenta.ru: Түркия Қырымның аннексиясын жою келіссөздерін бастау процесінде Украинаға қолдау береді.

Коммерсант газеті: РесейдіңАҚШ-тағы Өкілетті елшісі Анатолий Антонов елінің Стратегиялық қаруларды шектеу келісімінің (START-3) мерзімін созуға дайын екенін атап көрсетті.

РИА Новости: НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Ресейдің Қырым және Қаратеңізде әскери болмысын күшейткені жайлы айыптауына Мәскеу жауап қайтарды: «Біз өз қауіпсіздігімізді қорғау үшін қозғаламыз».

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Парламент қабылдаған заң: Президентке жаңа өкілеттік беріледі.

Егемен Қазақстан газеті: Президент 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар