Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

Al-Raya (Катар): Президент Режеп Тайып Ердоған: «Тәуелсіз Палестина мемлекетін құру үшін күресті жалғастырамыз»
Al Jazeera: Президенттік сайлаудан жеңіліп қалған АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Геральд Кушнер Шығанақ дағдарысына шешім табу мақсатымен Сауд Арабиясы және Катарға барды.
Al-Quds Al-Arabi: Хоуситтер тобы Йеменнің шығысындағы Маариб аймағындағы бір лагерьге зымыранмен шабуылдады. Сауд Арабиясының сегіз әскерінің өлтірілгенін хабарлады.
Le Soir: Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың 3 қараша күнгі сайаудағы жеңілісінен кейінгі алғашқы сұхбаты: «Сайлаудан жеңіспен шықтық»
France 24: Аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадонаның өлімі: Футбол жұлдызының дәрігері айыпталуда.
Le Monde: Франция көлемінде сенбі күні «Қауіпсіздік» заңы және «Полицияның күш қолдануына» қарсы өткізілген акцияларда 98 жандармерия мен полиция қызметкері жараланды.
dpa: Террорлық акт Ауғанстан бейбітшілік келіссөзіне көлеңке түсірді.
Frankfurter Allgemeine Zeitung: Беларусьте наразылық акцияларында жүзден астам адам ұсталды.
Deutsche Welle: Батыс Балқан: Черногория мен Сербия өкілетті елшілерін елден өзара депорт етті.
La Vanguardia (Испания):Ауруханадағы өлім-жітім алғашқы толқындағы өлімнен 40 пайыз аз.
El Universal (Mексика): AstraZeneca компаниясының вакцинасы егілген бір ерікті егілгеннен кейін неврологиялық белгілер байқадым деп айып тағуда.
Telesur (Венесуэла): Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро халықты 6 желтоқсан күні өтетін парламент сайлауында дауыс қолдануға шақыруда.
RİA ақпарат агенттігі:Орыс Қарулы күштері Ханкендиде жылжымалы аурухана ашты. Аурухана бітімгер әскерлерге медициналық қызмет береді, сонымен бірге бейбіт халыққа да ашық.
Lenta.ru: Ресей университеттерінде білім алып жатқан, бірақ шекара жабық болғандықтан елдерінен Ресейге қайта алмаған шетелдік студенттер оқудан шығарылып жатыр.
Kommersant газеті: Пандемия кезінде орыс азаматтардың 40 пайызы банкнот қолданудан бас тартты.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан коронавирус анықталды.
Егемен Қазақстан газеті: Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 байқауында 2 орын алды.