Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1535440
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Түркия мен Катар 10 келісімге қол қойып, стратегиялық ынтымақтастығын күшейтуде. 

ОТАН (Оман): Үлкен жиырмалық елдері коронавирус вакцинасын әділ түрде таратуға уәде берді. 

El-Mustakbal (Ливан): Иордания, БАӘ, Сауд Арабиясы және Мысыр төрттік жиналыста Сирия дағдарысын қолға алады. 

Tagesschau.de: Германияда желтоқсан айы үшін коронавирус шаралары: Мектептер ашық қалады, көптеген де 5 адам бір жерге жиналады, маска тағу міндетінің ауқымы кеңейтіледі. Рождество мен жаңа жыл мерекелері үшін шектеулі жеңілдіктер жоспарланады. 

Süddeutsche Zeitung: Германияда коронавирус: Канцлер Ангела Меркель Еуропадағы бүкіл шаңғы орталықтарының жабылуын талап етуде. 

Bild.de: Марадонаның мұра мәселесі: Футболшының мұрасы не болмақ? 

Infobae (Аргентина): Диего Марадонамен соңғы қоштасу: Жанұясы мен достары арнайы бір рәсімде өзімен қоштасты. 

La Vanguardia (Испания): Испанияда ауруханалар Рождество мерекесі алдында коронавирусың жағдайына алаңдауда. 

El País (Испания): Оксфорд Университетінің ковид-19 вакцинасына қатысты соңғы мағлұматтары күдік туғызды. 

Le Monde (Франция): Полиция зомбылығы артқан соң Франция президенті Эммануэль Макрон мен үкімет жағдайды тыныштандыратын жол ізденісіне кірді. 

France 24: Cайлаушылар кеңесі Джо Байденді жақтап дауыс берген жағдайда, Дональд Трамп Ақ Үйден кетеді. 

lenta.ru: Кремльдің мәлімдешісі Дмитрий Песков Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу жұмыстарының жаңа жылдың алдында жасалатынын білдірді. 

РИА Новости: Арменияда міндет атқарған орыс әскері өлтірілді. Оқиғамен байланысты тергеу ашылды. 

TASS: "Forbes" журналы Ресейдегі ең жоғары ақша тапқан кәсіптік жұмыстардың тізімін жариялады. Журналға қарағанда ең көп мұнай мен табиғи газ, өнеркәсіп пен телекоммуникация фирмаларының басшылары ақша табады. 

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптесіне айналдыру керек – Көшербаев.  

Егемен Қазақстан газеті: Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматының эпидемиялық ахуалы туралы мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар