Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1507993
Әлем баспасөзіне шолу

Le Parisien: Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) тақырыбында cәрсенбі күні (ертең) халыққа үн қатады.

Le Monde: Француз Полинезиясы (Францияның тәуелді аймағы) басшысы Эдуард Фритчтің президент Эммануэль Макронмен кездесуінен 2 күн өткен соң вирус жұқтырғаны анықталды.

France 24: Француз үкіметі жаңа типтегі коронавируспен байланысты «мықты екінші толқынға» қарсы одан қатал ұстаным ортаға қоймақ.

Әл-Жазира (Катар ТВ): АҚШ президенті Дональд Трамп сот төрешісі Эми Кони Барретті Жоғары сотқа мүше ретінде тағайындады. Трамптың шешімі сенатты екіге бөліп жатқан да, ол Флорида штатының сайлау науқанына қайта оралды.

Er-Raye el-Katariyye (Катар): Түркия-Катар Жоғары Стратегиялық комитеті жиналысының алтыншысы келесі айдың соңында Түркияда өтпек.

El-Quds el-Arabi (араб-ағылшын): АҚШ Өкілдер Мәжілісі Демократ партиясының Миннесота штаты депутаты Ильхан Өмер: «Мұсылман бір әйел АҚШ Жоғары сотына мүшелік үшін үміткер болса, республикашылар есін жоғалтар еді».

El País (Испания): Ультракүлгін роботтар коронавируспен күресетін Еуропаның жаңа қаруы.

Telesur (Венесуэла): Бұрынғы президент Эво Моралес АҚШ-тың Боливия сайлауына араласуын айыптады.

Infobae (Аргентина): Johnson&Johnson фирмасы ковид-19 вакцинасы жұмыстарын бір ерікті науқастанған соң уақытша тоқтатты.

Deutsche Welle: Германияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK басшыларына қарсы мың 220 сот ісі қозғалды.

Der Spiegel: Еуроодақтан Ресейге «орыс оппозиционер Алексей Навальный» санкциясы.

Zeit Online: Германияның қару саудасы табыстары азайды.

gazeta.ru: уроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың улану оқиғасына араласқан нақты және заңды тұлғаларға санкция шешімі қабылдады.

РИА Новости: Қытай орыс авиация фирмасы Аэрофлоттың Шанхайға ұшқан рейстеріне ковид-19 себепті 1 айлық тыйым салды.

Известия: Орыс туристтер түрік қонақ үйлеріндегі тамақтардың көптігіне шағымдана бастады.

Қазинформ халықаралық ақпарат агенттігі: Асқар Мамин: Барлық өңір Президент тапсырмаларын тиімді іске асыру үшін жұмысты жандандыруы тиіс.

Егемен Қазақстан газеті: Шығыс Қазақстанда 58 оқушы коронавирус жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар