Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1504453
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Ковид-19: Денсаулық сақтау дағдарысы 1 миллион француз әйел мен еркекті жоқшылдыққа итермеледі.

France 24: АҚШ президенті Дональд Трамп қазір Ковид-19 эпидемиясының «ешбір симптомын» көрсетпейді және вирусты елемеуде.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германия мен Түркия арасында Кельнде ойналатын ұлттық құрама матчына 300 жанкүйер қабылданады.

Frankfurter Rundschau: Германияда ковид-19 инфекциясы жұқтырғандар саны сәуір айынан бері ең жоғарғы деңгейінде.

Zeit.de: Тарихи жест – Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Сыртқы істер министрлері Берлиндегі Холокост ескерткішіне барды.

El País (Испания): Испания еуропалық қайта құру қорының шарттарын жеңілдету үшін қысым жасауда.

El Mundo (Испания): Ковид-19: Мадрид Мәжіліс мүшесі: «Соңғы көрсеткіштер вирустың азая бастағанын көрсетуде».

Infobae (Аргентина): БҰҰ Венесуэладағы адам құқықтары бұзушылықтарына бағытталған тергеулердің ауқымын кеңейтуді бекітті.

Al-Quds Al-Arabi: Палестина мен Катардың артынан Ливия да Араб лигасының кезекті төрағалық міндетін атқармайтынын жариялады.

Al-Raya (Катар): Оккупациялық күштер Палестинаның Эриха қаласында басқындар жасап, Газа секторын бомбалады.

Al-Dustour (Иордания): Ирак: 600 мың отбасы азат етілген аймақтардағы үйлеріне оралды.

TASS: Әзербайжанның Ресейдегі өкілетті елшісі Полад Бүлбүлоғлу Таулы Қарабахтағы қақтығысқа қарсы Ресейдің әділ және теңгерімді бір ұстаным ортаға қойғанын атап көрсетті.

Ria.ru хабар порталы : Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабах мәселесінде жеңілдік жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Российская газета: Ресей Қорғаныс министрлігінің Қырымдағы шипажайында өрт шықты, 300 адам эвакуацияланды.

Қазинформ халықаралық ақпарат агенттігі: Елбасының «Абай аманаты» мақаласы жарияланды.

Егемен Қазақстан газеті: Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президенттің "Абай аманаты" атты мақаласына пікір білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар