Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1503675
Әлем баспасөзіне шолу

 

VATAN: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы: Әлемнің он пайызы коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Катарда энергиямен байланысы жоқ жеке меншік экономикасы қыркүйек айында көтерілді.

El-Mustakbal (Ливан): Ирактың бас қаласы Бағдатта елшіліктер мен үкімет ғимараттары орналасқан Жасыл аймаққа зымыран шабуылы болды.

Bild.de: Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп коронавирустан емделіп,  Ақ Үйге оралды.

Deutsche Welle: Германияда парламентте маска кию мәжбүр болады.

El País: Сovid-19 екінші толқын: 5,2 миллионнан астам испандық жаңа шектемелермен бетпе-бет. Тек мектепке, жұмысқа бару үшін және жедел жағдайда ғана үйден шығуға рұқсат беріледі.

La Vanguardia: АҚШ президенті Дональд Трамп госпитальден шықты және вирустан қорықпау керектігін айтты.

Infobae: Дельта және Гамма тропикалық дауылдары Мексиканың кейбір аймақтарына қауіп төндіреді.

Le Figaro (Франция): Сovid-19: Парижде «максимум дабыл» деңгейі қағылды, шектеуші шаралар күшіне енді.

France 24 (Франция): Сovid-19: Марсель қаласы өзінің ғылыми кеңесін қалыптастырады.

Libération (Франция): ExxonMobil 2021 жылдың аяғына дейін Еуропада 1600 адамды жұмыстан шығарады.

TASS ақпарат агенттігі: Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Орталық сайлау комитетіне сайлау нәтижелерін тексеруін,  қажет болса болдырмай тастауын кеңес берді.

Lenta.ru парақшасы: Қырғызстанда шерушілер елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатты.

RİA Novosti ақпарат агенттігі: Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя батыстың Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы төрағасының «қылмыстарын әшкерелеуден» қорыққанын айтты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Еліміздің әлемдік азық-түлік хабтарының біріне айналуға нақты мүмкіндігі бар - Асқар Мамин.
Егемен Қазақстан газеті: Биыл егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталды.

 



Ұқсас жаңалықтар