Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1500737
Әлем баспасөзіне шолу

Le Parisien: Франция премьер-министрі Жан Кастекс Париж, Лион, Лилль және Гренобль қала басшыларын жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы күн тәртібімен қабылдайды.

Le Monde:Ғалымдар Францияныңковид-19 эпидемиясына қарсы жүргізген денсаулық сақтау стратегиясын қалай бағалайды?

Le Figaro: Марсель мен Экс-ан-Прованс қалаларында ковид-19 эпидемиясына қарсы күрес аясында қабылданған бар мен ресторандарды жабу шешімі сот тарапынан бекітілді.

Elqudus: Біріккен Ұлттар Ұйымы Палестиналық босқындарға жәрдем мен қызмет агенттігі ковид-19 эпидемиясымен күрес үшін жедел қаржы қолдауы қажет екенін жариялады.

Eldustour:  Ковид-19 эпидемиясына қарсы ықпалды бір вакцина жетілдіру үшін Араб Одағы-Қытай жиналысы болып өтті.

Elraya:Катар халқы Шейх Сабах Әл-Ахмед үшін жаназа намазы оқиды.

El Pais (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес Сот билігін жаңарту үшін кейбір заңдарға өзгеріс енгізілу керектігін ойлауда.

El Pais: Испания Денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла Мадрид тұрғындарының 70%-ның карантинге алынатынын, қалған 7 үлкен қаланың да карантин рискі астында екенін білдірді.

TeleSur (Венесуэла): Колумбияда 2020 жылы жасалған қастандықтарда 260 адам қырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы адам өлімдерінен екі есе көп.

Euronews: Президент Режеп Тайып Ердоғаннан саммит алдында Еуроодақ (ЕО) басшыларына хат.

Deutsche Welle: Бельгияның бас қаласы Брюссельде Түркия және шығыс Жерорта теңізі саммиті.

Zeit Online: Германияда футболдан Супер кубоктың жеңімпазы - «Бавария Мюнхен».

РИА Новости: Ресей президенті Владимир Путин мен француз басшы Эммануэль Макрон Таулы Қарабах және Белоруссиядағы жаңдайды телефонда сөйлесті.

Коммерсант: Орыс саясаткер Алексей Навальный неміс журналы Der Spiegel-ге берген сұхбатта алға тартылған улау оқиғасының арғы жағында Ресей президенті Владимир Путиннің бар екенін атап көрсетті.

Известия: Жас және орта жасар орыстардың 46% балалы болуды ойламайды. Себептер арасында қаржылық проблемалар, денсаулыққа қатысты мәселелер және мансаптық мүмкіндіктерді жоғалтудан қорқу бар.

Қазинформ агенттігі: 200 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі.

Егемен Қазақстан газеті: Словения Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.



Ұқсас жаңалықтар