Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1498537
Әлем баспасөзіне шолу

 

Deutsche Welle: Кавказ: Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағы Әзербайжан мен Армения арасында қақтығыстарға сахна болуда.

Spiegel.de: Грекияның Лесбос аралындағы Мориа босқын лагерінде шыққан өрттен кейін кәмелетке толмаған 50 босқын сәрсенбі күні Германияға келеді.

Tagesschau.de:АҚШ президенті Дональд Трамп судья Эми Кони Барретті Гинсбургтың ізбасары ретінде кандидат қылып көрсетті.

İzvestiya Gazetesi: Беларусь президенті Александр Лукашенко Франция президенті Макронның отставкаға кету шақыруына жауап берді, Макронның әлі «жетілмеген» саясат қайраткері екенін айтты.

Vedomosti ақпарат парақшасы: Spiegel газеті Германия канцлері Ангела Меркельдің орыс оппозиционер Алексей Навальныйды клиникада жасырын барып көргенін білдірді.

Lenta.ru: Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Тертер қаласын атқылаған Арменияға соңғы рет ескерту жасағанын білдірді.

Al-Raya Al-Katariya (Kатар): Иордания королі Екінші Абдулла қараша айындағы сайлауға дайындық шеңберінде парламентті таратты.

El-Mustakbal (Ливан): Иран діни лидері Аятолла Хаманейдің Әскери бас кеңесшісі генерал Яхия Рахим Сафеви: «Ирак пен Сириядағы міндетіміз ақылы» деді.

VATAN (Оман): Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы : «Вакцина табылғанға дейін коронавирустан қайтыс болғандардың саны екі миллионға жетіп қалуы мүмкін»

El País (Испания): Испанияның бас қаласы Мадридтегі коронавирус сақтық шаралары ертерек қолданылуы керек еді.

El Mundo (Испания): Испанияның сыртқа қарызы 2,2 триллион евроға жетті.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро АҚШ тарапынан жүргізілген заңсыз экономикалық,  қаржы және сауда эмбаргосына қарамастан,  үкіметтің коронавирусқа қарсы ең үздік дәрілерді қамдауға кепілдік беретінін білдірді.

Le Figaro (Франция): Француздардың көбі бұрынғы премьер-министр Эдуард Филиппенің саясатқа қайта оралуын қалайды.

France 24: Парижде бар қожайындары коронавирус сақтық шаралары шеңберінде мейрамхана мен барлардың сағат 22-де жабылуы шешіміне қарсы шықты.

Le Parisien: АҚШ президенті Дональд Трамп өзі сайланған 2016 жылы тек 750 доллар салық төледі.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Егемен Қазақстан газеті: Жаһандық мәселелер – БҰҰ мінберінде.

 

 



Ұқсас жаңалықтар