Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1497125
Әлем баспасөзіне шолу

Elqudus: Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху: «Жаңа типтегі коронавируспен жүздесу үшін бір соғыстың шыңында тұрмыз» деді.

Assabah: Сауд Арабиясы Умра ғибадатының 4 қазаннан бастап, сатылы түрде басталатынын білдірді.

Elraya: Катар және АҚШ террормен күресте ынтымақтастығын күшейтуде.

Deutsche Welle: Ковид-19-дан Германиядағы вирус жұқтырған адам саны қайтадан 2 мыңнан асты.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас Израиль мен палестиналықтар арасында келіссөздерде табанды.

Spiegel.de: Түркияның орталық банкі күтпеген жерден өзінің негізгі проценттерін көтерді.

El País (Испания): Испания Денсаулық сақтау министрлігі Мадрид үкіметінен ковид-19 эпидемиясына қарсы табандылықпен күресуін және қолдау үшін 7.500 әскер тағайындауын талап етті.

El Mundo (Испания): Испанияда ковид-19 оқиғаларының орталығы ретінде Мадрид жаңа қабылдаған эпидемия шараларын дүйсенбі күнінен бастап жариялауға дайындалуда.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла президенті Николас Мадуро Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутеррешпен қазіргі әлемде көптараптылықты нығайту проблемасын талқылау үшін ресми жиналыс өткізді.

Le Monde: Францияда жаңа шаралардың жариялануының артынан үкімет сындардың нысанасына айналды.

Le Figaro: Ковид-19 эпидемиясы себепті бүкіл әлемде өлім-жітім 978 мыңнан асты, Еуроодақ мүшелерін шараларды күшейтуге шақырды.

France 24: Франция ковид-19 эпидемиясы: Соңғы 1 тәулікте 16 мың 96 жаңа оқиғаның артынан Франция премьер-министрі Жан Кастекс жаңа бір карантин кезеңінің мүмкін екенін білдірді.

gazeta.ru: АҚШ президенті Дональд Трампқа жаңа қарсылас: Ресей президенті Владимир Путин Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер болып көрсетілді.

Регнум: Нордвинд әуекомпаниясы  (Nordwind Airlines) 1 қазан күнінен бастап, Пермнен Стамбулға транзит ұшуларды бастайды. 

Известия: Путин ковид-19 себепті қабылданған шаралардың күшейтілетінін білдірді.

Қазинформ агенттігі: 10 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Егемен Қазақстан газеті: Н.Нығматулин: Депутаттар білім туралы заң жобасына бастамашы болды.



Ұқсас жаңалықтар