Әлем баспасөзіне шолу

Әдем баспасөзінің басты тақырыптары

1488132
Әлем баспасөзіне шолу

Bild.de: Германияда вакцина шокы.  AstraZenece фирмасының вакцина сынақтарын тоқтатуы Германияда шок ықпалын жаратты.  Денсаулық сақтау министрі 54 миллион доза сұраныс берген еді. 

Spiegel.de: Америка Құрама Штаттары Қытайлық мыңдаған ғалымның визасын тоқтатып тастады. 

Deutsche Welle: Германияда Мориа таласы.  Грекияның Лесбос аралындағы Еуропаның ең ірі босқын лагері Мориада шыққан, 12 мыңнан астам адамды баспанасыз қалдырған өрттен кейін неміс үкіметіне “босқындардың елге алу” шақыруы артты. 

Le Monde: Францияда коронавирус эпидемиясы тақырыбында Ғылыми кеңес дабыл қағуда. 

France 24: Франция Экономика және қаржы министрінің ойынша АҚШ цифрлық салық келісімін қаламайды. 

Le Soir (Бельгия): Бельгияда бір күндік коронавирус оқиғалары мен ауруханаға жатқызу көрсеткіштері қайтадан артты. 

El País: Үкімет 2021 жылы мемлекеттік қызметкерлердің айлығын тоқтатуды жоспарлауда. 

El Mundo: Мамандардың ойынша ковид вакцинасы он мыңдаған адамда сыналған үшінші сатыда кейбір кісілерде жанама әсері болуы қалыпты жағдай. 

TeleSur: Колумбия полицияның күш қолдануына қарсы акциялар жалғасуда. 

Al Sharq (Катар): Суданда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 103-ке жетті. 

Al Jazeera: Израильдің Канал 12 телеарнасы: Израиль жасырын қызметі Моссад қатынастарды қалыпқа енгізу келісімі үшін Бахреймен келіссөзді арттырды. 

Al-Quds Al-Arabi: Ковид-19 әлем көлемінде 900 мыңнан астам өлімге себеп болған кезде AstraZeneca фирмасы мен Оксфорд Университеті тарапынан жетілдірілген сынақтардың бірі тоқтатылды. 

TASS: Қытай Ресейдегі “Кавказ-2020” әскери жаттығуына қатысады. 

İzvestiya газетi: Еуропа Одағы Украинаның цифрлық экономикасының жетілдірілуі үшін 2,7 миллион евро бөледі. 

Lenta.ru: Орыс оппозиционер Алексей Навальный комадан шықты,  есін жиды. 

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Алексей Цой: Бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтау қажет.

Егемен Қазақстан газеті: Мәскеуде Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының келіссөздері өтті.



Ұқсас жаңалықтар