Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1486797
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Quds Al-Arabi: Сауд Арабиясы журналист Джемал Хашхаджи қастандығынан тұтқындалған сегіз кісінің үкімін берді, араларында бесеуінің өлім жазасын алып тастады.

Al-Raya (Kатар): Біріккен Араб Әмірліктерінен «қатынастарды қалыпқа енгізу» келісіміне қолдау беру үшін 22 қыркүйек күні Израильге алғашқы ресми сапардың ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Addustour (Иордания): Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы: «2021 жылдың ортасынан бұрын коронавирусқа қарсы вакцина күтпейміз»

Deutsche Welle: Президент Режеп Тайып Ердоған ЕО кеңесі төрағасы Чальз Мишельмен телефонда сөйлесіп,  Еуропа Одағын әділ, бейтарап және обьективті болуға шақырды.

Deutschlandfunk.de: Босқындарға көмек ұйымдары неміс Федералдық мәжілісінің алдына 13 мың бос орындық тізіп, Еуропа шекараларындағы гуманитарлық трагедияны тоқтату және Грекиядағы босқын лагерьлерін тарқату шақыруын тастады.

tagesspiegel.de: Неміс Экономика институтының зерттеуіне қарағанда,  коронавирус дағдарысы автомобиль өнеркәсібіне басқа секторлардан гөрі қатты әсер етті.

Le Figaro (Франция): Сары жейделілер 12 қыркүйек сенбі күні шеру ұйымдастыруға шақырды.

Le Parisien (Франция): Витриде Санофи компаниясы 10 евродан төмен бағаға сатылатын бір вакцина өндіреді.

Le Monde (Франция): Мамандар коронавирустың Францияда жылдам тарауына алаңдайды.

La Nación: Лула Да Сильва Бразилияның қазіргі президентін коронавирусты елде «жаппай жою» қаруына айналдырды деп айыптайды.

El País: Испания жарты миллион ковид оқиғасы тіркелген алғашқы Еуропа Одағы елі атанды.

ABC: Коронавирустан кейін өкпе мен жүректе пайда болған ақау уақыт өте келе жөнделеді.

Regnum ақпарат парақшасы: Коронавирусқа қарсы жетілдірілген орыс вакцинасы халықтың қолданысына ұсынылды.

RİA Novosti: Беларусь оппозициясының Координация кеңесінің мүшесі Мария Колесникова Украина шекарасынан өтуге тырысқан кезде ұсталды.

TASS агенттігі: Германия қарулы күштері орыс оппозиционер Навальныйдың улануына байланысты егжей-тегжей мәлімет беруден қашқақтады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Елордада тұмауға қарсы вакцинация басталды.

Егемен Қазақстан газеті: 10 202 талапкерге магистратура гранты тағайындалды.

 



Ұқсас жаңалықтар