Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1467388
Әлем баспасөзіне шолу

ard.de: Германия Түркияға бағытталған саяхат ескертуін 4 қала үшін жойды. 

zdf.de: Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия штатындағы мектептерде маска міндеттемесі күшіне енеді. 

Deutsche Welle: Неміс дәрігерлер одағы төрағасы Германияда екінші толқынның басталғанын атап көрсетті. 

Al Quds Al Arabi (Араб-ағылшын): Израиль Бейруттегі жарылысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.  

Al Raye Al Qatariyye (Катар): Бейрут апат аймағы ретінде жарияланды. 

El País (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес бұрынғы король Карлоспен байланысты сыбайлас жемқорлық қауесеттерінің артынан Конституциялық монархияны қорғап «Осында мекемелер емес, тұлғалар сотталу керек» деді. 

El Mundo (Испания): Мадридтегі мейманхана қожайындары әкімшілікті 1.500 терассаның лицензиясын тоқтатқаны себепті протест етті. 

TeleSur  (Венесуэла): Ливан президенті Мишель Авн Бейрутттегі жарылыс құрбандары үшін ұлттық аза тұту жариялады. 

Le Soir (Бельгия): Бейрутте жарылыстар: Бельгия өкілетті елшілігіне зиян келді, Сыртқы істер министрлері Филипп Гоффен Ливанға жәрдем ұсынысы жасады. 

Le Parisien (Франция): Коронавирус: Көшеде масқа қолдану Тулузада міндетті, жақында Парижде де міндетті болмақ. 

France 24 (Франция): Марсельде шыққан өртте 800 гектар алаң жойылды, мың 200 адам эвакуацияланды. 

TASS агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған ливандық әріптесі Мишель Авнға телефон шалды. Әңгіме барысында Бейруттегі жарылыс үшін Ливан халқына көңіл айтқан Ердоған Түркияның әсіресе денсаулық сақтау саласында қажетті гуманитарлық жәрдемді қамтамасыз етуге дайын екенін атап көрсетті. 

РИА Новости агенттігі: Ресей Орталық сайлау комиссиясы Белоруссиядағы президенттік сайлауға бақылаушы жібермеуге шешім қабылдады. 

Известия газеті: Ресей шетелдіктердің қысқа мерзімді іс-сапарлары үшін елге визасыз кіруіне қойған шектеуді жойды. 

ҚазИнформ агенттігі: Мемлекет басшысы Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Егемен Қазақстан газеті: Бейруттегі жарылыс бойынша Сыртқы істер министрі түсініктеме берді. 



Ұқсас жаңалықтар