Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1442197
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: Неміс вирусологтардан екінші толқын ескертуі. Германияның танымал вирусологы профессор Кристиан Дростен «Екі айдың ішінде үлкен бір проблемамен бетпе-бет қалуымыз мүмкін» деп ескертті.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германия 1 шілде күнінен бастап Еуроодақтың кезекті төрағалық міндетін атқарады.

Bild.de: Хорватия жағалауында итбалық сигналы.

Le Monde: Сovid-19 эпидемиясына қарсы жүргізілген вакцина жұмыстарындағы жарыста лабораториялар арасында көмек жеткіліксіз.

France 24: Сovid-19 оқиғалары АҚШ-та уайымдарды арттыратындай тарауда. Вирус салдарынан Латын Америкада 100 мың адам қайтыс болды.

Le Parisien: (Франция) Полиция қорлығы тақырыбында 1 миллион адам қол қойған наразылық хаты президент Эммануэль Макронға жіберілді.

Al Jazeera: Сирия режимі Хама, Ас-Сувайда және Дейр-ез-зордағы Израиль шабуылдарында қаза тапқандар мен жаралылар бар екенін жариялады.

Addustour (Иордания): Араб Сыртқы істер министрлері Ливияның бірлігі, егемендігі және шекара тұтастығына бағыныштылықтарын қайталады.

El País (Испания): Испанияда үкімет пен оппозиция төтенше жағдайдың артынан алдын алу шараларын қамтитын «өмірді қалпына келтіру» заңнамасы мен жаңа денсаулық қызметтері жөніндегі келісіміге жақында қол қояды.

El Mundo (Испания): Коронавирус шаралары себепті Балеар Аралдарында 10 мейманхананың тек қана төртеуі ашылады.

Telesur (Венеcуэла): Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы комиссиясы Венесуэлада Сovid-19 үшін қабылданған шараларды орнында тексеру үшін осы елге аттанды.

Российская Газета: Бүгін Мәскеуде «Жеңіс күні» шеруі өткізіледі. Ресей өзінің жаңа әскери техникаларын осында көрсетеді.

Lenta.ru хабар порталы: Германия 22 маусым күні Ресейге жүздеген тонналық ядролық қоқыс жіберді.

Канал 1: Путин 2024 жылынан кейін қайтадан үміткер болуға белгі берді.

ҚазИнформ агенттігі: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанда Google салығы енгізіледі.



Ұқсас жаңалықтар